Жәнібек Әлімханұлының АҚШ-тағы өмірі қалай өтіп жатыр (видео)

862
0
Бөлісу:

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (3-0, 1 КО) командасы жас боксшы туралы деректі фильм түсіріп, көпшілік назарына ұсынды. Жоба туралы боксшының PR-менеджері Берік Сұлтан отандық vesti.kz сайтына айтып берген екен.

«Бұл менің режиссерлік жолдағы дебютім. Фильм  түсіру идеясы маған Қазақстанда жүргенде келген. Мен Жәнібекпен биіктерді бағындыра алатынымызға сендім. Егер анықтап қараса, Қазақстанда түсірілген кадрларды да байқауға болады. Сосын түсірілімді АҚШ-та жалғастырдық. Біз бастан кешкен барлық процесті таспаға бастық. Мұның бәрі – тарих.

Жәнібек әйгілі Боб Аруммен келісімшартқа отырған алғашқы қазақ. Оған дейін ешкім Top Rank промоутерлік компаниясымен жұмыс істемеген еді. Фильмде біздің АҚШ-тағы өміріміз туралы айтқым келді. Жәнібектің жекпе-жектерге қалай дайындалатыны, қалай өмір сүріп, тамақтанатыны да көрсетілген. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Жақында екінші жекпе-жек күтіп тұр. Ол туралы фильм мүлде басқа форматта шығады» дейді менеджері.

Фильмде әйгілі промоутер Боб Арум да пікір білдірген. «Жәнібек – керемет боксшы. Біз онымен бірге әлемдік бокстағы көшбасшылық позицияға көтерілеміз деп ойлаймын» дейді ол өз сұхбатында.

Еске салсақ, Әлімханұлы әуесқой бокста 75 және 81 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде сынға түскен болатын. Ал кәсіпқой бокста ол 72,5 келі салмақта өнер көрсетеді. Ол енді екінші кездесуін 3 қараша күні Техас штатындағы Эль-Пасо қаласында өткізеді. Қарсыласы – The Animal лақап атымен танылған 32 жастағы Вон Александр.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*