Қаламгерді қолдау – құндылықтарды құрметтеу

697
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері және еліміздің зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Онда Елбасының «Қазақстандық­тардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында көрсетілген міндеттердің маңызы кеңінен талқыланып, халыққа түсіндіру жұмыстарын бірлесіп атқару жайы сөз болды. Сондай-ақ жиында партия мен Жазушылар одағы арасындағы өзара ынты­мақтастықты нығайту туралы меморандумға қол қойылды.

Жазушылар Жолдауды қолдайды

Отырысты ашқан Мәулен Әшім­баев биылғы Жолдауда қоғамда қызу талқыланып жүрген ең өзекті әлеу­меттік мәселелер қамтылғанын, олар­ды шешу үшін Елбасының нақ­ты шаралар ұсынғанын айтты. Сон­дай-ақ ол Жолдауда көрсетілген ха­лық­тың әл-ауқатын арттыру, тұр­­­мыс-жағдайын жақсарту, бас­па­наға қолжетімділікті қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лығындағы қордаланған мәсе­ле­лерді шешу, тарифтерді шектеу, жол­дарды жөндеу және қоғамдық қауіп­сіздік секілді мәселелер елдің кө­кейінде жүрген көптеген түйткіл­дің оң шешілуіне жол ашатынын жеткізді.
Сонымен қатар «Нұр Отан» пар­тиясы Төрағасының Бірінші орын­ба­сары Елбасы ұсыныстарының бір рет­тік емес, керісінше жүйелі сипат­қа ие екеніне назар аударды.
– Елбасының Жолдаудағы әр ұсы­нысының стратегиялық маңызы зор. Мәселен, ең төменгі жалақыны 1,5 есеге көбейту – миллиондаған қа­зақ­стандықтың тұрмыс деңгейіне оң әсерін тигізетін шара. Сол сияқ­ты, денсаулық сақтау мен білім беру са­ласына бөлінетін қаражат та кө­бейе­тін болады. Бұл шаралардың бә­рі жүйелі түрде еліміздегіәлеумет­тік жағдайды одан әрі дамытуға тың сер­пін береді, – деді Мәулен Әшім­баев.
Одан бөлек, жиында Жолдаудағы басымдықтарды жүзеге асыру – елі­міз­ді әлемнің ең дамыған елдерімен теңес­тіретін аса маңызды қадам еке­ні айтылды. Сол себепті де, «Нұр Отан» партиясы Мемлекет бас­шы­сы­ның сенімді саяси тірегі ретінде Жолдаудың мәні мен маңызын ха­лық­қа кеңінен түсіндіріп, Елбасы ұсы­­ныстарын жүзеге асыруға үлес қо­сып, осы бағыттағы жұмыстарға жүйе­лі түрде қоғамдық бақылау жүр­гізетін болады.
Партия бұл жұмыстарды елі­міз­дегі жетекші саяси партия­лар­мен, қоғамдық бірлестіктермен жә­не үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, жүзеге асырмақ. Өйткені мұн­­дай ауқымды жұмысты жұмыла ат­қарсақ, оның нәтижелі болары сөз­сіз.
– Ел игілігіне бағытталған бұл іс­тен Жазушылар Одағы да тыс қал­майды деп сенеміз. Өйткені халыққа ең жақын топтың бірі, сіздер, яғни қаламгерлер екені белгілі. Бүгінгі кез­десуіміздің де басты себебі – Жол­даудың басымдықтарын талқы­лап, халыққа түсіндіру бойынша бір­лескен жұмыстарымыздың ба­ғыт­­тарын айқындап алу, – деді Мәулен Әшімбаев.

Тұғырлы төрт жоба

Елбасы Жолдауда «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасын ары қарай жал­ғастырып, оның аясын жаңа маз­мұн­­мен және жаңа бағыттармен то­лық­тыру қажет екенін айтқаны бел­гілі. Сондықтан аталған іс-шара ба­рысында осы мәселеге де ерекше көңіл бөлінді.
Жалпы, Мемлекет басшысының тап­сырмасымен «Нұр Отан» партия­сы қашанда зиялы қауымға, ақын-жазушыларға, мәдениет пен өнер саласында тер төгіп жүрген барша аза­маттарға қолдау көрсетіп келеді. Жиында осы жұмыстардың алдағы уақытта да өз жалғасын табатыны айтылды. Сол себепті, бұл басқосуда пар­тия мен Жазушылар Одағы ара­сындағы өзара ынтымақтастық тура­лы меморандумға қол қойылып, ал­дағы жұмыстың басым бағыттары ай­қындалды. Бұл ретте партия ақын-жазушыларды қолдау мақ­са­тында төрт бірдей жоба ұсынып отыр­ғанын атап өткен жөн.
Бірінші жоба – әдеби, байқау өт­кізу. Яғни, партия жас ақын-жазу­шы­­­ла­рымызды қолдау, оларды ынта­­лан­дыру мақсатында «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы аясында ар­найы байқау өткізуді ұсынады. Осы­лайша, «Нұр Отан» Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәні мен маңызын және оның құн­ды­лықтарын кеңінен дәріптеуді жә­не жас ақын-жазушыларымызға жүйе­лі қолдау көрсетуді көздеп отыр. Нақты айтқанда, байқау нә­ти­жесінде бес номинация бойынша жеңім­паздар анықталады. Әр но­ми­нацияда үш орыннан болатынын ес­кер­сек, барлығы 15 қатысушыға жүл­де тапсырылмақ.
Екіншісі – телевизиялық жоба дайын­дау. Яғни, партия «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасын іске асыру ая­сында Жазушылар Одағымен бір­лесіп «Астана» телеарнасынан көр­сетілетін арнайы телебағдарлама дайын­дауды ұсынып отыр. Бұл теле­жо­ба көрермендерге тартымды, қы­зықты, бұрынғылардан ерекше фор­матта ұсынылмақ.
Үшінші жоба – әлеуметтік желі­лер мен интернеттің мүмкіндігін тиім­ді пайдалануға байланысты. Өйт­кені қазіргі кезде бұл алаңның қан­шалықты өзекті екені бәрімізге жақ­сы белгілі. Сондықтан қазіргі за­манғы технологиялардың көме­гі­мен YouTube-те арнайы канал ашып, сол арқылы рухани жаңғырудың құн­дылықтарын насихаттайтын, идео­логиялық, тәрбиелік, ағар­ту­шылық маңызға ие, ұлттық кодты сақ­тап, білімге деген құштарлықты арт­тыруға үлес қосатын жобалар жү­зе­ге асырылатын болады.
Төртінші жоба – ақын-жазу­шы­лармен кездесулер, түрлі шығарма­шы­­лық кештер өткізетін арнайы клуб­­тар құру. Ол клуб партиялық жо­­ба бойынша заманауи білім орта­лық­­тары ретінде қайта жаңғыр­тыл­ған еліміздегі кітапханаларда ор­на­ла­сады.
– Бұл жобалардың барлығын жас ақын-жазушыларымызға бері­ліп отырған мол мүмкіндік деп есеп­тей­міз. Сондықтан осы мүмкіндікті тиім­ді пайдаланып, алға қойған мақ­­сат­тарымызға жету үшін бірлесіп жұ­мыс істейік, – деді Мәулен Әшім­баев.
Жиында сөз алған Мәжіліс депу­таты Бекболат Тілеухан:«Нұр Отан» партиясы жанында «Мирас» респуб­ли­калық кеңесі жұмыс істейді. Кеңес құрамында елімізге танымал зиялы қауым өкілдері бар. Бұл – қа­зақ зиялыларының қатысуымен қо­ғамдағы өзекті мәселелерді қоз­ғайтын сұхбат алаңы болып отыр. Сондықтан бүгінгі партия мен жазу­шы­лар арасындағы ортақ меморан­думға қол қою – өте тиімді бастама деп білемін. Себебі, «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасын жүзеге асы­ру­да да жазушылардың қоғамдағы ала­тын орны ерекше. Жазушы – қа­зақ қоғамының парасаты мен ой-дең­гейі. Әр кезде де заманаға ой тас­тайтын да,бұқараға ой қозғай­тын ­да сөзсіз зиялы қауым өкілдері. Не­гізгі сөзді, негізгі ой-пікірді сөз та­нитын адам ақын-жазушыға айт­қызады. Өйткені ақын-жазушы сол қоғамның тамырын басып отырған, жан дүниесін түсінетін тұлға»,– дей келе, «кез келген дүниені байбаламға сал­май, байыбын айтатын адам ке­рек» деген ойды ортаға тастады.
Айта кетейік, іс-шараға Жазу­шы­лар одағы басқармасының төра­ға­сы Ұлықбек Есдәулет, «Мирас» рес­­публикалық кеңесінің төрағасы, Мә­­жіліс депутаты Бекболат Тілеу­хан, драматург, жазушы Төлен Әб­дік, жазу­шы Алдан Смайыл, Мә­жі­ліс депу­таты Сауытбек Әб­дірах­манов, ақын Бауыржан Қарағызұлы және бас­қа да қаламгерлер қатысып, кө­те­­рілген мәселелер бойынша өз ой­ларымен бөлісті.

Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ,
Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, ақын:

– Шығарма өміршең болуы үшін өмірден алынуы тиіс. Өмір­ді жеңілдетуге, тұрмыс­ты, әл-аухатты жақсартуға ба­ғытталған Жолдаудың жыл­дағы жолдаулардан ерек­ше­лігі де осы болды деп айтар едік. Бұл жолы Үкі­мет мүшелерінің әрқайсысына жеке-жеке тап­сырмалар жүктеліп ғана қоймай, оның сұра­ла­ты­нын да көрсетіп берді. Бұл әр тапсырманың ар­тын­да орасан зор жауапкершілік тұрғанын бай­қа­тады. Оның ішінде мұғалімдердің мәртебесін кө­теру туралы Заң жобасы жасалу қажет деген пікірі көпшіліктің көкейіне дөп тиді. Өйткені оқу­лық­тардың ішіндегі баланың миын шатастыратын қа­­­теліктердің көбейіп кеткені, білім саласында жүйе­сіздіктің пайда болуы туралы жиі айтылып та, ж­азылып та жүр. Осындай келеңсіздіктер педагог мәртебесін әлсіретіп жіберді. Олардың деңгейін көтеру дегеніміз – мұғалім дейтін ардақты атты өз биігіне шығару деген сөз. Абай хәкім:
– Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, – дегенінде ұстаз мәртебесін меңзеп тұр.
Елбасы Жолдауында айтылған рухани-әлеу­мет­тік мәселелердің шешімін табуда «Нұр Отан» пар­тиясы мен Жазушылар одағы бірлесе, ынты­мақ­таса қызмет етеміз деген ойдамын. Бүгінгі меморандум биік нәтижелерге қол жеткізеді деген үміттеміз.

 

Төлен ӘБДІК,
Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы:

– Үлкен жазушыларды пай­­даланып, халыққа түсін­діру саясатын ұстану – дұрыс. Бұл әр мемлекеттің сая­сатында бар дүние. Мұ­ның екі жағы бар. Бірінші жа­ғы – осы. Екінші жағы, көр­кем өнерді насихат құралына айналдыру ол да қауіп­ті. Біз бұл тарихтан өттік. Кешегі Жолдауды ай­тып жатырмыз, бұдан бұрынғы Жолдауларды да ай­тып келеміз. Негізі, Жолдауды айтқан кезде ма­дақ жанрынан қашуымыз керек. Халыққа мей­лін­ше түсіндірген дұрыс, бірақ кез келген дүниені ай­тардан бұрын, оны біліп айтқан жөн. Қазір өмір­де не көп – жағымпаздар көп. Олар алқалы топта алға түсуге ұмтылады. Өзгелерден көбірек айғайлағысы келеді. Дәл осындай «жандайшаптық» қарқынмен жүзеге асырылатын болса, онда біз бәз-баяғы Совет үкіметі тұсындағы жағдайды қай­та­ла­ған боламыз. Осы жылдың қаңтар айында Ел­басы Жолдау жасаған еді. «Арада тоғыз ай өткен кез­де тағы бір Жолдау жолданғаны қалай болар екен?» деген ойға кеткенім рас. Шынтуайтына кел­генде, екі Жолдаудың да мән-мағынасы бір-бірі­мен сабақтас, бір-бірімен біте қабысып жатыр. Жыл басындағы Жолдауда «әлем дамуы жаңа ин­новациялық сатыға көтерілді. Біз де сол инно­ва­циялық дамуды бастан кешіруіміз керек» деген ой­ды көтерсе, енді халықтың әл-ауқатын арт­тыруы­мыз қажет деген мәселені айтып отыр. Қазір бюд­жет жасалып жатыр. Президент айтқан мәсе­ле­лер шешімін табуы үшін бюджетке бекітілуі ке­рек. Осы тұрғыдан алғанда, Жолдаудың қазан айын­да жасалуы – заңдылық деп білемін. Түсінді­ру жұ­мыстарын өз сөзімізбен, публицистика­лық ма­қа­лаларымызбен көрсеткеніміз дұрыс. Бірақ көр­кем шығармадан талап етуге болмайды. Әде­биет­ке бір-ақ зат керек: ол – ой еркіндігі. Көр­кем әде­биет­ті насихатқа айналдырсақ, одан әдебиет шық­пайды.

 

Алдан СМАЙЫЛ,
қоғам қайраткері, жазушы:

– «Нұр Отан» партиясы мен Жазушылар одағы ын­тымақтастық меморан­ду­мы­на қол қойды.Егер саяси пар­тиялар шығармашылық қыз­метті, оның ішінде әде­биет пен өнерді ұлттық идео­логияның ерекше бір түрі деп танып, оны қамқорлыққа алып, әрі оны халыққа қызмет етуге бағыттайтын болса, оны біз әрқашан да қолдауға дайынбыз.Бүгінгі таңда көркем шы­ғарма халыққа жетпей жатыр деген мәселені көп айтамыз. Шындығына келгенде, ақын-жазушының өзі бір-бірін оқымайтын жағдайға жеттік. «Менің шығармамды оқыдың ба?» деп сұрасақ, көбі біл­меуі де мүмкін. Мен де солай болуым мүмкін. Сөй­тіп отырып, «халыққа жетпей жатыр, оқы­май­ды» деп айтамыз. Халық оқитын шығарма бар ма, жоқ па, оның да мәнін айырып отырған жоқпыз. Жазушылар одағының бір пленумын шығар­ма­шылық мәселеге арнайық деген ұсыныс айтқан едік. «Бүгінгі әдебиеттің деңгейі қандай?», «Қан­дай бағытта кетіп барады?», «Артымыздан келе жат­қан жас буын қаламгерлердің шығармалары не нәр­сені көксейді?» деген дүниелердің басын ашып ал­мағаннан кейін басқасы бос нәрсе. Жас жазу­шылардың арасында «әдебиет бізден басталады» деген пікірлер де пайда болыпты. Мұның бәрі қай­дан шығып жатыр? Әдебиеттегі толқын ара­сында байланыс үзіліп қалған ба? Егер үзіліп қалса, оны қалай жалғаймыз? Осындай мәселелерді меморандум арқылы бекіте алар болсақ, онда біз­дің ұтқанымыз. Жас қаламгерлердің шығармаларын насихаттайтын бағдарлама ашылуы тиіс. Осының бәріне партия бас-көз болатын болса, онда бұл жұмыстардың басы-қасында жүруге дайынбыз.

 

Сауытбек ӘБДРАХМАНОВ,
Мәжіліс депутаты:

– Елбасы Жолдауы нау­рыз айында жолданған кез­дері де болды. Әрине, наурыз айында жолданған жолдау сол жылдың міндеттерін қам­тиды, саралайды. Оның талқылауы сәуір айында аяқ­талады да, нақты жұмыстар мамыр айында жа­са­лады. Меніңше, өмірдің өзі осы форматқа алып кел­ді деп ойлаймын. Ал биылғы Жолдаудың қазан айын­да жасалуының өзінің ұтымды тұсы бар. Яғни, Елбасы Жолдауында айтылған міндеттерді ше­шуде бюджетке өзгеріс енгізуге мүмкіндік бо­лады.
Тағы бір дүние, патшалық Ресей заманында крепостнойлық құқық сақталып тұрған кезде адам­ның құқы жөнінен Еуропалық елдердің бә­рінен ең төменгі орында тұрған кезде орыстың са­наулы ақын-жазушылары міндетті түрде билікке қарсы шықты. Сол арқылы сыншыл реализм ор­нықты. Бірақ мұны априори деп қарау – өте даулы. Ол кезде 1861 жылы крепостнойлық құқық жойыл­ды. 1869 жылы, яғни небәрі 8 жыл өткенде, Лондонда метро ашылды. Міне, екі ел арасындағы жер мен көктей айырмашылық.Патшалық Ресейдегі құлдық заманға ақын-жазушының өре түрегелуінің, қарсы тұруының мәнісі – осында. Сондықтан егер билік халықтың мүддесін ойлайтын шешімдер қабылдап жатса, билік қабылдаған шешім­дерден халықтың мүддесіне нақты пайда тиіп жат­қан болса, биліктің шешімдерінен халық­тың әл-ауқаты жақсарып, нақты нәтиже шығып жатса, «имидж үшін шын жазушы билікке қатыс­тырылуға тиіс» деген пасту­латты өте даулы деп қа­былдау керек.Осы тұрғыдан келгенде, «Нұр Отан» партиясы халыққа жақындау­дың нақты көр­сеткіштерін көрсетіп отыр.

Айзат Жолдас

Бөлісу:

Пікір жазу


*