«Томиристің» түсірілімі аяқталды (фоторепортаж)

688
1
Бөлісу:

«Қазақфильм» киностудиясының территориясында соғылған «Вавилон» декорациясында Массагеттер патшайымы – Томирис туралы ауқымды тарихи фильмнің соңғы түсірілім жұмыстары аяқталды. «Вавилон» декорациясы тарихи деректерге сүйене отырып, фильмнің қоюшы суретшісі Қуат Тілеубаевтың эскиздері бойынша жасалған.

Керек дерек:

Фильмнің бас продюсер – Әлия Назарбаева («Анаға апарар жол»).

Қоюшы режиссері – Ақан Сатаев («Ликвидатор», «Рэкетир», «Адасқандар», «Жаужүрек Мың Бала», «Анаға апарар жол»).

 

 

Естеріңізге сала кетейік, былтыр сәуір айында «Қазақфильм» киностудиясы «Сатайфильм» кинокомпаниясымен бірлесе ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Томирис» фильмін өндіріске жіберді. Фильм  біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда байтақ даланы басып алуды көздеген парсы патшасы ІІ Кирге қарсы массагеттер патшайымының төтеп бергені туралы баяндайды.

Фильмнің сценарий авторлары Әлия Назарбаева мен Тимур Жақсылықов. Фильмнің түсірілімдері былтыр қазан айында басталған. Түсірілімдерге еліміздің және шетелдің кәсіби мамандары тартылған.  Шетелден скрипт-доктор мен компьютерлік графика саласының мамандары шақырылған.

Республикалық кастингтің нәтижесі бойынша басты рөлге актриса-дебютант Альмира Тұрсын таңдалып алынды. Сонымен қатар, фильмде танымал отандық актерлер: Әділ Ахметов, Берік Айтжанов, Асылхан Төлепов, Азамат Сатыбалды және басқалар түседі. Кирдің рөліне «Царство небесное» фильмі арқылы танылған ұлты араб америкалық актер Гасан Масуд шақырылған.

Басты кейіпкерлер мен эпизодта ойнайтын актерлерге мыңнан аса киім тігілді. Ал бір Томиристің өзіне 20 костюм әзірленді. Сонымен қатар, 10 мың қару-жарақ жасалған.

Асқар Беков

Фото авторы – Евгения Берман

Бөлісу:

1 пікір жазылған

Пікір жазу


*