Қалыңдық гүлін сыйламайтын кімдер?

356
0
Бөлісу:

12 қазан күні Ұлыбритания патшайымының немересі Евгения Йоркская тұрмысқа шықты. Тойға ІІ Елизаветта мен Филипп ханзада бастаған корольдік отбасы мүшелері және өнер жұлдыздары қатысты. Евгения да герцогиня Кейт Мидлтон мен Меган Маркл тәрізді қалыңдық гүлін құрбыларына сыйға тартпады. Неліктен?

Қалыңдық гүлін құрбыларына сыйға тарту – тойдағы ең әсерлі сәттің бірі. Алайда корольдік жанұяның өзіндік ұстанымдары бар. Тойдан кейін қалыңдық гүлді Әулие Петр шіркеуіне апарып қояды. Ұлыбританияда бұл үрдіс – өзінше бір дәстүр секілді.

Аталған дәстүрді енгізген – ІІ Елизавета. 1923 жылы тұрмысқа шыққан патшайым  қалындық гүлін І Дүниежүзілік соғыста қаза болған інісі Фергюстің қабіріне апарып қойды. Патшайымның осы әрекетін келіндері Кейт пен Меган да айна қатесіз орындады.

Евгения Йоркская гүлдестесінде ландыш, стефанотис, ақ раушан мен мирт гүлдері болған. Ханшайым қалыңдық көйлегін танымал британдық Peter Pilotto сән үйінен алған. Евгенияның таңдауы Джек Бруксбэнк есімді жігітке түскен.

 

 

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*