Қазақстан құрамасының Андорра қақпасына соққан голдары (видео)

502
0
Бөлісу:

Бүгін «Астана-Аренада» Қазақстан құрамасы Андорраны қабылдап, қарсыластар қақпасына жауапсыз 4 гол соқты. Осылайша, Станимир Стойлов шәкірттері Ұлттар лигасындағы алғашқы үш ұпайына қол жеткізді. 

Сондай-ақ Қазақстан құрамасының 2015 жылдан бері ресми матчтарда алғаш рет жеңіске жетіп отырғанын да айта кетейік. Соңғы рет Қазақстан құрамасы ресми матчта Латвия құрамасынан (1:0) басым түскен болатын.

Бүгін Қазақстан құрамасы сапынан Еркебұлан Сейдахмет, Бауыржан Тұрысбек және Роман Муртазаевтар мергендігімен танылды. Ал үшінші голдың соғылуына Бауыржан Исламхан тікелей себепкер болды. Ұлттық құраманың экс-капитаны тепкен допты қақпашы Гомес қайтара алмай, автогол жасап алды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стойлов ойынға қатысты пікірін білдірген еді.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*