Финляндияда $545 млн сомасына 23 келісімге қол қойылды

697
0
Бөлісу:

16-17 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Республикасына ресми сапармен барды. «Kazakh Invest» ҰК Мемлекет басшысының сапары аясында қазақстандық-финдік іскерлік қабылдау ұйымдастырды. Шара қорытындысы бойынша $545 млн сомасына 20-дан астам коммерциялық және коммерциялық емес құжатқа қол қойылды.

Қазақстандық-финдік іскерлік қабылдау барысында екі елдің бизнесмендері тікелей байланысты реттеу және нақты уағдаластықтарға қол жеткізу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен, қабылдау аясында $545 млн сомасына 23 екіжақты коммерциялық және коммерциялық емес құжатқа қол қойылды.

ҚР Үкіметінің басшылығы және Солтүстік инвестициялық банк  арасында Шекті келісім жасалды, ол Қазақстан аумағында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидаты бойынша жобаларды қаржыландыруға, капитал салу (инвестициялар, корпоративтік және тәуелсіз қарыз, банктік кепілдіктер) технологиялар трансферті үшін жағдай жасауға бағытталады.

«Kazakh Invest» ҰК басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев инженерлік жабдықты өндіру бойынша жобаны іске асыру туралы Kazakh Invest пен Koja компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, Kazakh Invest пен құрамына бірқатар финдік компаниялар (Kone Corporation, Wartsila, Stora Enso, Kesko, Nokia Corporation) кіретін Финдік өнеркәсіпшілер конфедерациясы арасындағы ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Диалог барысында Конфедерация Қазақстан Республикасының аумағында жобаларды іске асыруға мүдделілік танытты.

2018 жылғы қазанда «KTZ Express» АҚ мен Nurminen Logistics арасындағы контейнерлік тасымалдарды дамыту туралы келісім аясында тараптар Ресей және Қазақстан аумағы арқылы Финляндия мен Қытай арасында тұрақты тасымалды іске қосуға ниетті. Бұл уағдаластық теңіз көлігі орнына темір жолмен контейнерлерді тасымалдауға мүмкіндік береді және Финляндиядан Қытайға дейінгі жол уақытын қысқартуға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Wаrtsilа компаниясы Түркістан қаласында қуаттылығы 50 МВт бу-газды қондырғы салу мүмкіндігін қарауға ниеттестік туралы меморандумға қол қойды. Қазақстандағы компаниялардың іске асырған жобаларының арасында — 2015 жылы пайдалануға берілген Ақтөбе рельсбелағаштық зауытына арналған электр станциясы, сондай-ақ Маңғыстау облысындағы «КазАзот» зауытына арналған электр станциясы бар.

Анар Қоныс

Бөлісу:

Пікір жазу


*