Бақылау бар жерде – береке бар

781
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» пар­тия­сының алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі – әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік бағдарламалардың іске асы­рылу барысына қоғамдық бақылауды күшейту. Партия Төрағасының шешіміне сәйкес партия мүшелерінің іс-әрекеттерін бақы­лаудың партияішілік механизмін қа­лып­­тас­тырып, белгіленген бағдарлама­ларды іске асыру сапасын бақылау мен жемқорлықпен күрес жүргізу мақсатында 2008 жылдың қара­ша айында «Нұр Отанның» партиялық бақылау комитеті құрылғаны белгілі. Респуб­лика бойынша 2009 жылдан бері әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік бағдарлама нысан­дарында партиялық бақылау бекеттері ұйым­дастырылып, нәтижелі жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Мемлекеттік бағдарла­малардың орындалуына партиялық бақы­лау жасау ісін халық та қолдап отыр.

Партиялық бақылау комитетінің іс-әре­кеті жария түрде өткізіледі. Биыл коми­теттің жұмысы өңірлік және аумақ­тық пар­тиялық бақылау комиссия­ларының бел­сенділігін арттырып, нәти­желілігін қамта­масыз етуге бағытталды.
2018 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша есепті мерзімде комитеттің 3 оты­рысы өткізілді. 13 сәуірде «Нұр Отан» пар­тиясы партиялық бақылау комитетінің ке­зекті отырысы өтті. Қызылорда облыс­тық филиалының партиялық бақылауды ұйым­дастыру және ішкі партиялық тәр­тіпті ны­ғайту бойынша жұмыстары қаралды. «Нұр Отан» партиясы партиялық бақылау коми­тетінің төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов Қызылорда облысына партиялық бақылау комитетінің мүшелері жіберілгенін, олар­дың талдау-сараптау жұмыстарын жүргіз­генін, бұл жал­пы партиялық тәртіпті сақтау, қалыптас­тыру, жауапкершілікті күшейту мақсатында маңызды шара болғанын айтты. Тексеріс қорытындысы негізінде Қызылорда өңірлік филиалының жұмысы қанағаттанғысыз деп танылды. Бұл арнайы қабылданған қаулыда атап көрсетілді. Отырыста тексеріс кезінде анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нақты ұсыныстар айтылды. Отырыс қоры­тындысы бойынша партияның өңірлік филиалдарына күрделі мәселе­лерді қарас­тырып, шешу жағынан 8 рекомендация берілді.
31 мамырда өткен комитет отыры­сында «Партияның өңірлік филиалда­рында «Нұр Отан» партиясының Жар­ғысы мен Әдеп кодексі талаптарын бұзған партия мүше­леріне тәртіптік жаза қол­дану мәселесі» қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша пар­тияның өңірлік филиалдарына 6 реко­мен­дация берілді. Партия Жарғысына және Әдеп кодексіне сәйкес тәртіп бұзған партия мүшелеріне қатаң жаза қолдану қажеттігі туралы ұйғарым жасалды. Осы орайда бастауыш партия ұйымдарының рөлі мен жауапкершілігін күшейту туралы талаптар қойылды.
11 қазанда тұңғыш рет партиялық ба­қылау комитеті бейнебайланыс арқылы мәжіліс жасады. «Нұр Отан» партиясының партиялық бақылау комитетінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарына және «Нұр Отан» партиясының Орталық аппа­ра­тының 2018 жылғы 22 маусымындағы № 086 – іс бұйрығы негізінде «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының 2016-2017 жылдардағы және 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы партиялық бақылауды ұйымдастыру және ішкі пар­тиялық тәртіпті күшейту бойынша қыз­метіне партиялық бақылау қызметінің жұмыс тобы тексеріс жүргізді. Тексеріс бары­сында Атырау, Жылыой, Құрман­ғазы, Қызылқоға, Исатай, Индер, Махамбет, Мақат аумақтық партия филиал­дары мен облыстық партия филиа­лының қызметі талданды. Жұмыс тобының тексеру қоры­тындысы бойынша тиісті анықтама жасақ­талды. Шара барысында «Нұр Отан» пар­тиясының бақылау комитеті Партиялық бақылауды ұйымдастыру және ішкі пар­тиялық тәртіпті күшейту бойынша партия­ның Атырау облыстық филиалының қыз­меті туралы ақпаратты тыңдап, бірқатар маңызды мәселелер бойынша қаулы қабыл­дады. Аталған қаулымен партияның аймақтық филиалдарының және партия­лық бақылау комиссиясының өкілдері түгел танысты. Осы отырыста «Нұр Отан» пар­тиялық бақылау комитетінің 2019 жыл­ғы жұмыс жоспарының жобасы қарас­­тырылды. Жобада партиялық бақылау комитеті 2019 жылға жоспарлаған оты­рыстар, сондай-ақ ұйымдастыру мәселелері мен практикалық шаралар көрініс тапты. Жоспарланған шаралар мен жұмыс топ­тарының аймақтарға шығу тақырып­тары жергілікті көкейкесті мәсе­лелерге негіз­деліп, партияның аймақ­тық филиал­да­рының жұмыс көрсеткіштеріне сәйкес жіктелді. Партиялық бақылау комитетінің 2019 жылғы жұмыс жоспары бекітілді.
Еліміздің өңірлерінде 238 партиялық бақылау комиссиясы жұмыс істейді. Есепті мерзімде партиялық бақылау ко­мис­сиялары 852 отырыс өткізді. «Прези­денттің бес әлеуметтік бастамасы» халық­қа арналған Жолдау мен «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық құжаттарын орындау, партия Жарғысын сақтау талап­тары туралы көптеген мәселелер қаралды.
Партиялық бақылау комитеті мәсе­лелерді қарау ісімен ғана шектелмейді. Пар­тиялық бақылау комиссияларына 2687 рекомендация берілсе, соның 326-ы өңір­лік, 2348-і аумақтық комиссиялар жұмы­сына көмектесетін нақты ұсыныс­тар.
Партиялық тәртіпті бұзу деректеріне айрықша көңіл бөлінеді. 9 айдың ішінде 306 партия мүшесі партиялық жауапкер­шілікке тартылды. 68 адамға ескертпе, 56 адамға ескерту, 44 партия мүшесіне сөгіс берілсе, 138 адам партия қатарынан шығарылды. Партиялық жауапкершілікке тартылған 172 партия мүшесі Әдеп кодексі ережелерін бұзған.
Өңірлік партия филиалдары партия­лық бақылау комиссияларымен бірге 768 жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымын қарап, назарға алды. Барлық мәселе пар­тияның бақылауына алынды.
БАҚ пен әлеуметтік желілерде партия­лық бақылау комиссияларының жұмысы туралы 2723 жарияланым тарады. Пав­лодар, Ақмола және Қарағанды облыс­тарындағы өңірлік партия филиалдары бұл тұрғыда алда келеді. Ал Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстық партия филиалдары бұл мәселеде енжарлық көрсетіп отыр.
Партиялық бақылау комитетінің өңір­лік комиссиялары мүдделі мемлекеттік орган­дармен және жұртшылықпен бір­лесе отырып, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Пре­зиденттің бес әлеуметтік бастамасы» атты мемле­кеттік бағдарламалардың орын­далу бары­сын барынша жіті бақылап отыр. Есепті мерзімде осы мәселелер бойынша 1246 рейд жүргізілді. 369 семи­нар-кеңес ұйым­дастырылды. Сондай-ақ аймақтық құқық қорғау, мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйым­дармен өзара ықпал­дастық пен ынты­мақтастық жасау туралы 88 меморандум рәсімделді. Қоғамдағы маңызды мәсе­лелер бойынша 917 дөңгелек үстел өткізілді.
Партия Төрағасы «Сыбайлас жемқор­лықпен, парақорлықпен – халық болып күресуіміз тиіс. Біздің партия күрестің алдыңғы шебінде болуы керек» деп бекер айтқан жоқ. Білгенге бұл оңай іс емес, рас, мұның жауапкершілігі жеткілікті. Аймақ­тарда партия имиджін бекем қалып­тастыру және партиялық бақылаудың пәрменін көрсету партия мүшелерінің белсенділігіне тікелей байланысты.
Сондай-ақ Елбасымыз «Жемқор­лық – жай құқықбұзушылық емес. Ол мемле­кеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлт­тық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер бо­лып саналады. Біздің түпкі мақса­ты­мыз – жем­қорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнама­ларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті күшейтуіміз керек» дей келіп, мемлекет пен қоғамның жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиістігін қадап айтқаны белгілі. Партияның бет-бейнесі баянды істермен бағаланып жат­са, бұл ортақ жүкті жұмыла көтергеніміз­дің белгісі болса керек.

Нұртөре ЖҮСІП,
«Нұр Отан» партиясы партиялық бақылау комитетінің мүшесі

Бөлісу:

Пікір жазу


*