1439 нөміріне хабарласып тегін дәріге қол жеткіз

373
0
Бөлісу:

Бірыңғай дистрибьютормен халықты тегін дәрілермен қамтамасыз ету мәселелері бойынша емделушілерге ыңғайлы болу үшін байланыс орталығында 1439 бірыңғай қысқа нөмірі іске қосылды.

Енді Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі емделушілер кез-келген қалалық телефоннан 1439 қысқа нөміріне тегін қоңырау шала алады. Байланыс орталығының операторлары диспансерлік тіркеуде тұрған және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаторлық емді алатын емделушілерге тегін босатылатын қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу мерзімдері, көлемдері мен жоспарланған күні туралы ақпаратты береді.

«СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріптің айтуынша, байланыс орталығы емделушілер тарапынан туындайтын түрлі сауалдарға дәлме-дәл жауап алуларына, дәріні жеткізуде кешіктіру кездесіп жатса, не себептен екеінін түсіндіру бойынша көмек береді.

Байланыс орталығының қысқа нөмірін іске қосу – бұл денсаулық сақтауды цифрландыру шеңберінде компаниямен жүзеге асырылған бірнеше жобалардың бірі. Емханаларда тегін дәрілердің болуы бойынша бірыңғай электронды анықтама жобасы қолға алынды.

Жобаны бірыңғай дистрибьютордың сайтында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосу жоспарлануда.

Анар Қоныс

Бөлісу:

Пікір жазу


*