Астанада өткен кеңес 22 мәселенің түйінін тарқатты

237
0
Бөлісу:

Астана қаласында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысы өтті. Шараға Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, Ресей Федерациясы Үкіметі басшысының бірінші орынбасары Антон Силуанов, Қырғыз Республикасының вице-премьері Жениш Разақов, Белорусь Республикасының Премьер-министрінің орынбасары Игорь Петришенко, Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян және ЕЭК Алқасының төрағасы Тигран Саркисян қатысты.

Күн тәртібіне 22 мәселе шығарылды. Комиссия Кеңесінің мүшелері тұтынушылардың құқығын қорғау мен оларды адастыруға алып келетін әрекеттердің алдын алу, ЕАЭО тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімді жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ қолданысқа рұқсат берілген арнайы субъсидиялардың критерийлері туралы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар комиссия Кеңесінде ЕАЭО байқаушы ретінде ДСҰ органдарына қатысуы мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма жүктелді.  Отырыс барысында Кеңес мүшелерімен ағымдағы жылдың қыркүйек айында Санкт-Петербург қаласында өткізілуі жоспарланып отырған Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесі (Жоғарғы кеңес) отырысының күн тәртібі мақұлданды.

Жоғарғы кеңес күнтәртібіне Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) газ, мұнай және мұнайөнімдерінің ортақ рыногын қалыптастыру мәселелері енгізілді. Ортақ рынок құру бағдарламасын қабылдау Қазақстанға осы салалардың экспорттық әлеуетін толық көлемде арттыруға мүмкіндік береді әрі Қазақстанның болашақта тұрақты дамуы үшін стратегиялық тұрғыда маңызды. ЕАЭО шеңберінде интеграциялық процестерді ары қарай дамыту маңызды мәселе.

Интеграциялық процестер дамуының негізгі векторларын қамтитын ЕАЭО ары қарай дамыту туралы деклорация қабылдау болжанып отыр. Сондай-ақ  қарауға ұсынылған 2019 жылға арналған ЕАЭО халықаралық жұмысының негізгі бағыттары мақұлданды. Аталған құжат ЕАЭО үшін маңызды әріптестерді және олармен ыңтымақтастықты дамыту  жөніндегі іс-шараларды айқындау үшін жыл сайын қабылданады. Толықтай алғанда, отырыс халықаралық байланыстарды есепке алып, ЕАЭО ары қарайғы жұмысында бірлескен бағыт ұстануды әзірлеу үшін негіз болып,  ЕАЭО жұмысының тиімділігі үшін жаңа серпін береді және Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне жауап береді.

Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі отырысының шеңберінде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин РФ Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Антон Силуановпен келіссөздер жүргізді. Тараптар ЕАЭО шеңберінде сауда-экономика саласындағы ыңтымақтастықты дамыту перспективаларын және қазіргі жағдайын талқылады. Атап айтқанда, ҚР мен РФ аумағы арқылы жүктердің кедергіссіз  транзитін қамтамасыз ету, екі ел ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мәселелері қаралды. Кездесу барысында тараптар сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Цифрлық бастамаларды басқару офисінің жұмысы туралы мәселелер талқылады.

Асқар Мамин ағымдағы жылдың 9 қарашасында Петропавл қаласында «Қазақстан мен Ресей туризмін дамыту тенденциялары және жаңа қадамдар» тақырыбында XV Өңіраралық ыңтымақтастық форумы өтетіндігін атап кетті. Аталған форум барлық спектр бойынша елдер арасындағы екіжақты ыңтымақтастықты арттыруға жаңа серпін береді деп қорытындылады Асқар Мамин. ҚР Вице-премьері Ж.Разақовпен болған кездесуде Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы экономикалық байланыстардың кең спектрі бойынша өзара ықпалдастықты дамытудың маңызды мәселелері қаралды.

Асқар Мамин мемлекет басшыларымен 2020 жылға қарай өзара сауда айналымын 1 млрд. АҚШ долларына жеткізу жөнінде міндеттер қойылғандығын айта келіп, өзара тауар айналымын арттырудың үлкен әлеуеті барлығын алға тартты. Кеден мен салықтық әкімшілендіру, фито-санитарлық пен ветеринарлық қадағалау, көліктік, шекаралық салалардағы маңызды мәселелерді кешенді шешуге бағытталған екіжақты экономикалық ыңтымақтастық мәселелері жөніндегі жол картасын жүзеге асырудың маңызы аталды.

 Анар Қоныс

Бөлісу:

Пікір жазу


*