Арли Чонтей Қазақстанға алғашқы жүлдені сыйлады

208
0
Бөлісу:

Қазақстандық ауыр атлет Арли Чонтей Ашхабадта өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдені жеңіп алды.

Арли Чонтей 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен болатын. Бұл спортшының жаңа салмағы екенін де айта кету керек. Чонтей серпе көтеруде 120 келіні бағындырса, жұлқа көтеруде 138 келіні бастан асырды. Екі мүмкіндіктің қосындысында ол 258 келіні көтерді. Дегенмен спортшының бұл нәтижесі тым төмен екенін де ескеру керек.

Ал бұл салмақта солтүстік кореялық атлет Ом Юн Чхоль чемпион атанды. Ол 2012 жылы Лондон олимпиадасында топ жарып, Рио олимпиадасында күміс жүлде еншілеген еді. Ал бұл жолғы алтын – Чхольдің әлем чемпионатындағы төртінші алтыны. Ол екі салмақты қоса есептегенде 282 келіні көтерді.

Еске салсақ, Чонтей 2016 жылы Рио олимпиадасына қатысып, жүлдеге бір қадам жетпей тоқтаған болатын. Кейінірек ол Универсиадаға қатысып, қола медаль алды.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*