Геосаяси үдерістерге мән берді

340
1
Бөлісу:

Мәскеуге сапар жасаған Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясында болды. Оқытушылар мен тыңдаушылар алдында сөз сөйлеген ол Еуразияның геосаяси рөлі мен халықаралық аренадағы Қазақстанның орнына талдау жасады.

Қасым-Жомарт Кемелұ­лы­ның пікірінше, бүгінде жаһандық жә­не аймақтық қауіпсіздік кес­кін-келбетінің беріктігі сынаққа түсу­де. «Біз қырғи-қабақ соғыс­тың кейбір көріністерінің қайта туындағанын көріп отырмыз. Ұлт­тар, діндер арасындағы, тіпті дін­дер ішіндегі текетірестер өр­ши түсуде» деді Сенат басшысы.
Қ.Тоқаев Каспий маңы мем­ле­­кеттері басшыларының Ақ­тау­­да­ғы саммитінің қоры­тын­ды­­ла­рына тыңдаушылар наза­рын ау­дарды. Қол жеткен жетіс­тік­тер су айдынының құқықтық мәр­тебесі жө­ніндегі ұзаққа со­зыл­ған дау­лар­ды реттеуге нүкте қой­ды. Елі­міздің сыртқы шека­ра­­сын ре­сім­деу үдерістерін аяқ­тау-да саммит маңызды рөл атқарды.
– Каспий жөніндегі Кон­вен­цияға қол қоя отырып, Қазақстан құр­лықтағы және теңіздегі бөлік­терді қоса алғанда, заң жүзінде тұтастай рәсімделген мемлекеттік шекара сызығына ие болды, – деді спикер.
Қазақстандағы рефор­ма­ларға тоқ­талған Қ.Тоқаев Пре­зидент Н.Назарбаевтың таяу­дағы Жол­дауы­ның страте­гия­лық сипатын атап өтті. Сенат төрағасы «Еура­зия­дағы ықпал­дастық үрдістері ай­мақтық және жаһандық сауда бай­ла­ныс­тарын дамытуға жаңа сер­пін бере алады, ол сауданың жаңа өсу нүктелері мен тұтастай эко­номиканы қалыптастыруға мүм­кіндік береді» деп санай­ды.
Қ.Тоқаев Мәскеуде Ресей Пар­ламентінің қос палатасының бас­шыларымен кездесті. Феде­ра­ция кеңесінің төрағасы Ва­лен­тина Матвиенкомен әңгіме ая­сында күн тәртібіндегі екіжақты мә­селелер, оның ішінде парла­мен­таралық байланыстарды да­мыту тақырыбы көтерілді. Ал Мем­лекеттік думаның төрағасы Вя­чеслав Володинмен кездесуі барысында Қазақстан мен Ре­сейдің көпжақты ынтымақтас­ты­ғының түрлі мәселелері сөз бол­ды.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

1 пікір жазылған

  1. Айнаш 21 Қараша, 2018 at 17:44 Жауап

    Қазақстан мен Ресейдің халықаралық аренадағы өзара әріптестік іс-қимылы өте маңызды

Пікір жазу


*