Жаңғырудың жаңа қадамы

161
10
Бөлісу:

Ұстаздар күнімен тұспа-тұс жарияланған Жолдауында Елбасы алдағы бес жылда білім-ғылым және денсаулық сақтау салаларын жетілдіруде қарқынды жұмыс жүргізілетінін айтты. Осыған орай 2019 жылы елімізде «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданатынын мәлімдеді. Ол заң мұғалімдерді және мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлерін ынталандыратын барлық тетікті қарастырып, жүктеме мен қызметтен тыс тексерістердің қысқаратындығына да тоқталды. Бұл құжат мұғалімдер қауымының қоғамдағы орнын айшықтап, беделін асқақтатыны анық.

Ел болашағы – білімді ұр­пақ­та. Білім – тоқ­таусыз, толас­сыз үрдіс. Білім арқылы адамның интеллектуалды, рухани күші артып, тұлғалығы қалыптасады.
Елбасы өз сөзінде: «Саналы ұр­пақ қалыптастыруда бала­­лар­ды сұранысы бар маман­дық­тарға бағыттау керек. Осы ретте Назарбаев Зияткерлік мек­­тептерінің оқыту әдісінің жүйесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуы тиіс, себе­бі, бұл мектептер өзі­нің тиімділігін көр­­сете алды. Бұл оқу орындарында оқы­­ту әді­с­те­месі өте дұрыс, халық­ара­лық не­гізде жасалған. Орта білімнен бас­тап кәсіп­тік диаг­нос­ти­ка­ны жүргізеді» – деді. Білім саласында осындай жетістіктер арқылы 2050 жылы дамыған 30 елдің қата­ры­на қосылып, әлем мем­лекеттерімен тере­зе­міз­ді теңес­тіре аламыз.
Біз, ұстаздар қауымы Елбасы Жол­да­уын жаңғырудың жаңа қадамы деп есептеп, саяси жаң­­ғы­ртулардың жалғасы деп біле­міз, мемлекет дамуының жаңа сатысын құруды жөн деп санай­мыз. Еліміздің ұстаздары әр­дайым Елбасының қолдауын сезінеді. Қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру, соның ішінде педагогтардың жалақысына 35 пайыз үсте­ме қосылуы алаңсыз өмір сүруге толық негіз болатынына кәміл сенімдіміз. Елбасы Жолдауында: «Атқарылған жұмыс көп, алайда біз одан әрі биіктерге дайынбыз. Ол үшін еңбекқор, білімді болу керек» – деп алдымызда тұрған үлкен мақсаттарды айқындады. Осы мақсаттарды орындаушы біздің жастар болса, жастарды тәрбиелеу – ұстаздар қауымына ортақ іс. Бұл дегеніміз – даму талаптарына сай қызмет етудің жаңа үлгілерін қарқынмен үйре­ніп, іске асыруды меңзеп тұрған тапсырма деп білеміз. Ел игілігі үшін атқарылып жатқан игі шараларға қолдау көрсету – азаматтық парызымыз.

Ләззат ҚЫЗЫЛҒҰЛОВА,
Әлихан Бөкейхан атындағы №1 гимназия директоры,

Тараз қалалық мәслихатының депутаты

Бөлісу:

10 пікір жазылған

  1. Ахмет 14 Қараша, 2018 at 15:28 Жауап

    Елбасының жолдауында ұстаздарға деген көп рөл қойылған болатын. Барлық ұстаздар, педагогка студенттері қуанып жатырған шығар

  2. Самат 14 Қараша, 2018 at 15:28 Жауап

    Педагогтың жұмысына қосымша жұмыс қоспау, қағаз жұмыстаынан босату процессі жүріп жатыр елімізде. Жас ұстаздар үшін қуаныштымын.

  3. Малик 14 Қараша, 2018 at 15:28 Жауап

    Еңбек ақы өсу мәелесі бірінші орында. Жастар арасында педагогика жолына түсуге жақсы серпіліс беретініне сенімдімін.

  4. Сакен 14 Қараша, 2018 at 15:29 Жауап

    Қарапайым халыққа не керек? Сапалы білім алу, жақсы еңбекақы, өзінің жылы да сүйкімді баспанасы.

  5. Тимур 14 Қараша, 2018 at 15:29 Жауап

    Качественное образование является одним из важнейших вещей для среднестатистического человека. Это капитал в себя

  6. Мурат 14 Қараша, 2018 at 15:30 Жауап

    стутс педагога наконец то станет ясным в нашей стране. Повышение заработной платы, отдельный закон.

  7. Абылай 14 Қараша, 2018 at 15:32 Жауап

    Думаю теперь молодые люди с большей охотой будут идти по пути педагога. Ведь заработная плата имеет не последнее значение

  8. Әлібек 14 Қараша, 2018 at 15:32 Жауап

    Столько сфер охвачено в одном послании Президента, начиная от здоровья заканчивая сферой образования.

  9. Арман 14 Қараша, 2018 at 15:33 Жауап

    рад за преподавательский состав нашей страны. Рад за родителей детей, за молодsх ребят получающих образование. Молодцы

Пікір жазу


*