БИІК БЕЛЕСКЕ БАСТАЙДЫ

413
10
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы – Елбасының еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына негіз бола білген жыл сайынғы Жолдауларының заңды жалғасы. Жолдаулар бірін-бірі тақырыптық тұрғыдан ғана емес, мәселелердің қамтылуы, қолға алынатын істердің бағамдалуы жағынан толықтырып, біртұтас әрі кешенді құжатқа айналып келеді, ал тиісті орындар осы құжаттар негізінде, яғни Жолдауларда айтылған міндеттер мен тапсырмаларды орындау аясында алуан бағдарламалар мен жоспарлар құрып, жүзеге асыруды жүйелендіреді. Демек, жолдаулар – ауқымды істердің бастауы, іргетасы.

Қазақстандықтардың әрбір кезекті Жолдауды асыға күтіп, зор ықыласпен тыңдайтыны ел дамуының қарқынын көрсетіп, алдағы бір жылда жасалатын жұ­­мыстарды бағамдап бере­тін құ­жат­тың айрықша маңыздылы­ғын­да жатыр. Биылғы Жолдау да қазақстандықтардың қызу қолдауына ие болды.
Тақырыбы айтып тұрғандай, Жолдау ел тұрғындарының әлеу­­мет­тік ахуалын көтеруге бағыт­тал­ды. Мемлекеттің мықты бо­луын­да, болашаққа қарышты қадам басуында тұрғындарының жақсы жағдайда өмір сүруі, көңіл күйінің көтеріңкі болуы, оқу-білім игеруге барынша қолжетімділік, денсаулығын сақтауға, спортпен айналысуға, еңбекпен қамтылуы, сондай-ақ лайықты материалдық қам­тылуы сынды мәселелердің ала­тын орны зор. Бұл тетіктер мем­лекеттің ішкі әлеуетін арт­ты­рып, біртұтастыққа бас­тайды. Сондықтан Мемлекет бас­шы­­сы­ның халықтың тұрмыс-тір­ші­лігін нықтап, әл-ауқатын арт­ты­ру­­ды кезекті Жолдауға жүк етіп, бас­ты орынға қоюы өте дұ­рыс шешім.
Шынайы өмірдің өзінен алынып, халыққа не керегін тап баса алғандықтан Жолдаудағы әрбір тақырыптың аясы кең әрі халықтың жанына жақын. Соның бірі – мұғалімдерге қатысты. Бұрын мектеп шәкірттерінің ғана емес, бүкіл ауыл-аймақтың қас­­терлі тұлғасына айналып, алды­нан адам баласы кесіп өт­пей­тін ұлы мамандық иесі сана­лған ұстаздар беделі қазір барын­ша төмендеп кеткені жасырын емес, әрі жан ауыртатын жағ­дай. Бұл жағдайға ұстаздар қалай түсті? Тұрмысымызға нарық­тық экономика келіп килік­кен­­де жалақысы мардымсыз мұға­лім­дікке қолды бір сілтеп, талай оқы­тушының өндіріс сағалап кетуі себеп болды ма? Жолдау кезінде айтылғандай, қастерлі ма­мандықты саудаға салып, кей­бір өңірлерде мектепке жұ­мыс­қа орналасудың «жең ұшы­нан жалғасқан» жаман әре­­кет­терге жол беруі сынды заң­­сыз­дықтар мұғалімдікке үрке қа­­­рауға сеп болды ма? Мұ­ға­лім­­дердің тәрбие мен тәртіпті талап етіп, білім сапасын арт­тыру мақсатында оқушысына қатқылдау тіл қатып, ата-ана мен шәкіртінің алдында кешірім сұрауға мәжбүр болған кездері де болған және түрлі шараларда үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, мерекелерде алуан түрлі жалаулар мен шарларды ұстап тұратын те­гін күш екені де ұстаздардың абыройына нұқсан келтірген көрініс. Осы мәселені ашық айтқан Елбасы жалпы білім саласын түлетуге тың тапсырмалар беріп, «Педагог мәртебесі тура­лы» заң қабылдау қажеттігін айтты, сондай-ақ балабақша тәр­бие­ші­лерінен бастап, ең төменгі мөл­шерде жалақы алатын қыз­меткерлердің жалақысы бір жарым есеге көбейетіндігін жет­кіз­ді. Бұл бастама ұстаздардың ғана емес, бүкіл қоғамның қолда­уы­на ие болды. «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» деп Абай Құнанбайұлы айтқандай, енді ұстаздардың осы атаққа кір келтірмей, өздеріне Елбасы тара­пы­нан жасалған қамқорлық-қол­дауды сезініп, өздерін сол ықылас-пейілге лайықты ұстаулары шарт.
Жолдауда айтылған тағы
бір мәселе – келесі жылдың Жастар жылы деп белгіленуі. Жастар – елдің ертеңі, бүгін­гі небір іргелі істерді, ірі жоба­лар­ды, ізгі бас­тамаларды жүзеге асыратын қоз­ғаушы күш. Бүгінгі Қазақстан жас­тарының әлеуеті мықты. Олар­дың бірнеше тілді меңгеріп, ғалам­торды еркін иге­ріп, спорт­тың түр-түрімен жатты­ғуға мүмкіндігі бар. Олар үшін өнерін, қа­бі­ле­тін ұш­тауға, дамытуға толық мүм­кін­дік қарастырылған. Жалынды жастарды қазір әрбір саладан кездестіруге болады. Шетелде білім алып, еңбегін елге арнаған білімді жастар, ел абы­ройын асқақтатқан спортшы жастар, әлем сахналарында халқымыздың құ­р­метін арттырып, өнерін наси­хаттап жүрген өнерпаз жастар, дала төсінде білегін сыбана ең­бек еткен мұнайшы жастар, ақ ха­лат­пен адам жанына араша болып жүрген дәрігер жастар, мемлекеттік қызметте өзін кәсіби тұрғыда қалыптастыра бастаған жастар мен кәсіпкерлік саланың әліппесін еркін меңгеріп, тасын өрге домалата бастаған кәсіпкер жастар. Мұның бәрі – бұған дейін де жастарға жасалған үздік­сіз қамқорлықтың нәтижесі. Жас­­тар мәселесін назардан тыс қалдырмайтын Елбасының ке­ле­сі жылды Жастар жылы деп жа­­рия­лауы бұл жетістіктермен тоқ­тап қалмай, жастарға одан әрі қам­қорлық жасау керектігін аң­ғар­­тады. Бұл бастамаға ел жас­та­ры риза деп білемін.
Сондай-ақ Жолдауда ауыл мәселесі айрықша аталды.
Ауыл – қазақтың ғана емес, әлемнің алтын бесігі. Шетелдерде ауылдар мен аймақтардың мемлекет дамуында, халық өмірінде алар орны маңызды. Біздің ауыл­да­ры­­мызда газға, жол мен ауыз суға, жұмыспен қамтуға, жастар жағ­дайына, білім беру мен ден­­саулық сақтауға, рухани-мәде­ни мәселелерге қатысты шеші­мін таппаған мәселелердің бар екендігі жасырын емес. Елба­сы Жолдауында айтылған тапсыр­ма­­лар нақты нәтижелерге бастай­ты­ны анық.
Халық жүрегіндегі жайтты қозғап, көкейіндегіні айтқан Жолдау – Қазақстан халқының қолдауына ие. Арнайы бағдар­ла­ма­ларға арқау болатын тапсырма-міндеттерді тек құзырлы орындар емес, бүкіл ел жұмыла жүзеге асырады деп білеміз. Өйткені мақсат – бір, мүдде – бір. Демек, жүк пен жұмыс та – бір.

Гүлжан ИСМУРЗИНА,
ҚХА Маңғыстау облыстық хатшылығы меңгерушісі

Бөлісу:

10 пікір жазылған

  1. Мирас 13 Қараша, 2018 at 10:11 Жауап

    Бүгінгі Жолдауда да Елбасы, әр Қазақстан азаматы реформалардың мәнісін, Отанымызды өркендету жолында олардың маңызды екенін айта келе, жастар мен отбасы институтын қолдау – мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс екендігін ескертті.

  2. ахмет саматов 13 Қараша, 2018 at 10:11 Жауап

    2019 жылды жастар жылы деп жариялауы, оларды әр салада қолдау керек – деп ерекше атап көрсетуі жастарымызға сенім артып қоймай, ел болашағы үшін үлкен міндеттерді артып отыр деп есептеймін.

  3. тимур абдуллаев 13 Қараша, 2018 at 10:12 Жауап

    жастарды инновациялық және шығармашылық жағынан дамыту үшін мемлекеттік органдарды, азаматтық қоғам институттарын, білім мекемелерін, бизнес құрылымдарын, жастар қоғамдық бірлестіктерінің бірлігін нығайта отырып, осы жұмысымызды еселеуіміз қажет.

  4. Айдар 13 Қараша, 2018 at 10:12 Жауап

    Жастарды жұмыспен қамтуға және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, жастардың рухани-адамгершілік, экологиялық, азаматтық, әскери-патриоттық тәрбиесіне ықпал жасау қажет

  5. Сакен 13 Қараша, 2018 at 10:12 Жауап

    жастардың бос уақытын тиімді өткізуге ықпалдасу, жастар қоғамдық бірлестіктерінің қолдауымен жастардың қоғамдық бастамалары мен өзін-өзі басқаруды дамыту бағытында жұмысымыз жалғаса бермек.

  6. Тимур 13 Қараша, 2018 at 10:13 Жауап

    Послание народу Казахстана «Рост благосостояния казахстанцев: повышение доходов и качества жизни» является важным событием для молодежи страны.

  7. Мурат 13 Қараша, 2018 at 10:14 Жауап

    2019 год станет знаковым для нас, ведь этот год объявлен «Годом Молодежи». Это как большая радость, так и большая ответственность, которая должна вылиться в что-то глобальное.

  8. Абылай 13 Қараша, 2018 at 10:14 Жауап

    За годы независимости государство создало все условия для молодежи, чтобы реализовать свой потенциал, стать самодостаточной и конкурентоспособной личностью, и теперь страна ждет от нас отдачи.

  9. Әлібек 13 Қараша, 2018 at 10:15 Жауап

    С 2019 года молодежь Казахстана выходит на новый уровень. Время разговоров закончилось, пришло время действовать.

  10. Арман 13 Қараша, 2018 at 10:16 Жауап

    Мен – болашақ педагогпын. Бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жасау, балаларға білім беру маған артылған басты міндет. Биылғы жолдауда «БІЛІМ» сөзі 24 рет кездеседі. Бұл білім саласы мемлекеттің басты назарында екенін көрсетеді

Пікір жазу


*