Ұлттық арна Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін көрсететін болды

565
0
Бөлісу:

25 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 4 қараша күні Астана уақытымен таңғы 4 шамасында өзінің төртінші жекпе-жегіне шығады.

Техас штатындағы Эль Пасо қаласында өтетін кездесуді QazSport және Qazaqstan арналары тікелей эфирде таратпақ. Жәнібектің бұл жолғы қарсыласы – америкалық боксшы Вон Александера.

Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған. Жәнібек мұндай ұзақ уақыттық жекпе-жекке алғаш рет шықпақ. Әлімханұлының бұған дейінгі үш кездесуі де алты раундтан тұрған еді.

4 қараша күні болатын бокс кешінің басты жекпе-жегі Мигель Берчельт пен Мигель Романның арасында өтпек. Сондай-ақ андеркартта тағы бір қазақстандық боксшы – Сағадат Рахманқұлов та жұдырықтасады. Рахманқұлов 22 жастағы пуэрорикалық Никлаус Фласқа қарсы шығады.

Бүгін бокс кешінің қатысушыларының барлығы салмақ өлшеу рәсімін өткізді. Әлімханұлының салмағы – 163,25 фунтты көрсетсе, Вон – 162,25 фунт болды. Рахманқұлов – 147,25, ал Флас – 147,5.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*