Зұлфия Чиншанло әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

571
0
Бөлісу:

Ашхабадта өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатының үшінші жарыс күнінде қазақстандық ауыр атлет Зұлфия Чиншанло сынға түсті.

Зұлфия 55 келіге дейінгі салмақта жарысқа қатысты. Жұлқа көтеруде қазақстандық спортшы алғашқы мүмкіндікте 90 келіні бағындырса, одан кейін 93 келіні көтерді. Ал үшінші мүмкіндікте 95 келіні басынан асыра алған жоқ.

Чиншанло серпе көтерудің бірінші мүмкіндігінде 120 келіге тапсырыс беріп, оны сәтті көтере алмады. Алайда одан кейінгі мүмкіндігінде бұл салмақты еңсерді. Үшінші мүмкіндікте 125 келіні бағындыра алған жоқ. Сөйтіп, қазақстандық спортшы жалпы есепте 213 ұпай жинап, төртінші орынмен шектелді.

Алтын медаль тайландтық спортшы Сукания Срисураттың еншісіне бұйырды. Ол 232 келіні көтерген. Күміс медаль – қытайлық Ли Я Джунға бұйырды. Оның көтерген салмағы – 225 келі. Ал үшінші орынды тағы бір Қытай спортшысы Жанг Вангонг алды. Оның да салмағы 225 келі.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*