Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та кезекті жеңісіне қол жеткізді (видео)

1218
0
Бөлісу:

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы америкалық Вон Александераны жеңді.

Жәнібектің жекпе-жегі Эль Пасо қаласындағы мексикалық боксшылар Мигель Берчельт пен Мигель Романның арасындағы басты кездесудің андеркартында өткен болатын.

Әлімханұлы мен Александераның кездесуі толықтай сегіз раундқа созылып, нәтижесінде төрешілер 79-73, 78-74, 75-77 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Осылайша, Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Сондай-ақ бұл кездесу Жәнібектің АҚШ-та өткізген екінші жекпе-жегі. Бұған дейін 28 қыркүйекте төрешілер шешімімен колумбиялық Карлос Галванды тізе бүктірген болатын.

Қазақстандық боксшы 2013 жылы әлем чемпионы атанды. 2016 жылы олимпиада ойындарына қатысты. Және сол жылы кәсіпқой боксқа ауысып, Қазақстанда екі кездесу өткізіп те үлгерген.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*