1,3 мың алматылыққа жұмыс орындары құрылады

182
0
Бөлісу:

Алматыда халықтың әлеуметтік жағынан осал таптарынан 1,3 мың маманға жаңадан тұрақты жұмыс орындары құрылатын болады.

Бұл мүмкіндіктері шектеулі адамдар, зейнетке дейінгі жастағы тұлғалар және жастар. Олардың барлығы жастар тәжірибесі курстарынан өтті немесе Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығына жүгінгеннен кейін қоғамдық және әлеуметтік жұмысқа тартылды.

Оларды одан әрі жұмысқа орналастыру үшін бірқатар ұйымдар тұрақты жұмыс орындарын құратын болады.

Жалпы алғанда, жыл сайын қысқа мерзімді курстардан 1 мыңнан 1,5 мың адамға дейін оқудан өтеді. Оқыту 50 мамандық бойынша жүргізіледі. Басым көпшілігі «Шаштараз ісі» мен «Тігін ісі» мамандықтарын оқуға құштар. Мамандық ерекшеліктеріне қарай курстың ұзақтығы 1 айдан 6 айға дейін созылады.

Асқар Алтайұлы

Бөлісу:

Пікір жазу


*