«Қайрат» Аршавиннің командадан кететінін жариялады

201
0
Бөлісу:

Алматының «Қайрат» футбол клубы 37 жастағы жартылай қорғаушы ресейлік Андрей Аршавиннің командадан кететінін жариялады. Бұл туралы клубтың ресми сайты ақпар таратты.

«Қарағандылық «Шахтермен» болатын матчта клуб пен жанкүйерлер аңызға айналған футболшы Андрей Аршавиннің алматылық клубта футбол сүйер қауымды керемет ойынымен тәнті еткен тамаша карьерасы үшін алғысын білдіреді» делінген хабарламада.

«Қайрат» пен «Шахтер» арасындағы кездесу 11 қараша күні Қазақстан премьер-лигасының 33 туры аясында өткізілмек.

Аршавин «Қайрат» сапына 2016 жылдың наурыз айында келіп қосылған. Ол алматылық клуб қатарында барлық турнирлерде 107 матчқа қатысып, 30 гол соғып, 37 голдық пас берді. Сондай-ақ 13 сары, 1 қызыл қағаз алған. Футболшы «Қайратпен» екі мәрте ел чемпионатының күміс жүлдегері атанып, Қазақстан кубогы мен Суперкубогын ұтып алды.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*