Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қамауға алынды

2599
0
Бөлісу:

Ақтау халықаралық әуежайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасарын құрықтады, деп хабарлайды Курсив порталы.

Порталдың тапқан дереккөзіне сенсек, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиев өзімен бірге 100 мың еуродан астам қаржыны алып бара жатқан екен.

Ақпаратты әлеуметтік желілердің бірінде Yedilov online инстаграм-блогер де дәлелдеді.

Қазіргі уақытта  Серік Аманғалиев Ақтау ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, бұған дейін «Маңғыстауда маман жоқ па?» деген мақала жариялағанбыз. Онда өңірдің бірнеше департаментінде басшылық орын бос тұрғанын айттық. Енді, маман тапшылығы тағы да қылаң беруде. Облыс әкімінің басқа орынбасарлары да өз орындарында жоқ. Бірі еңбек демалысында, ал біреуі ем қабылдап жатқан көрінеді.

Асқар Беков

Бөлісу:

Пікір жазу


*