Орал Мұхамеджановты еске алды

105
0
Бөлісу:

Мәжілісте көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткер, үшінші, төртінші және бесінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты, III және IV шақырылымдағы Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджановты еске алуға арналған конференция өтті. 

Орал Байғонысұлының 70 жылды­ғына орай ұйымдастырылған шараға Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, сондай-ақ Парламент депутаттары, қоғам қайраткер­лері және О.Мұхамеджа­нов­тың отбасы мүшелері мен туған-туыстары қатысты.
Жиынды ашқан Мәжіліс спикері Н.Нығматулин Орал Мұхамеджановтың мемлекетімізді орнықты дамыту жолында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған реформаларды заңнамалық қамтамасыз етуге сүбелі үлес қосқанын атап өтті.
– Орал Байғонысұлы өмірінің соңы­на дейін «елім-жерім» деп еңбек етті. Қазақ­станымыз егемендік алған алғаш­қы күннен бері Елбасы қасынан табы­лып, әрқашан Президентіміздің саяса­тын қолдап, еліміздің өркендеуіне ықпал етті. Мемлекет басшысының барлық бастамаларына белсене ара­лас­ты, қай жерде қандай қызмет атқарса да, іскер­лігімен, жауапкершілігімен, адамгер­шілік және парасаттылық қасиет­терімен танылды. Әрқашанда абыройы жоғары, беделі биік болды, – деді Нұрлан Нығматулин.
Орал Байғонысұлының қабілеті зор, мақсатқа берік, қызметке адал болғанын атап өткен Мәжіліс төрағасы оның есімі еліміз тарихында, соның ішінде Пар­ла­мент тарихында мәңгілік сақта­ла­тынын айтты.
Конференцияда Орал Мұхамед­жа­нов­­тың әріптестері мен достары онымен бірге қызмет жасаған жылдарды, өмірі­нің жарқын сәттерін, оның жоғары адам­гер­шілік және кәсіби қасиеттерін еске салды.
О.Мұхамеджанов өмірінің елеулі бөлігін мемлекеттік қызметке арнады. Түйткілді мәселелерді шешуде ол отан­шыл­дық пен жоғары азаматтық көзқара­сын паш етті.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*