Алты банк қызмет көрсетеді

107
0
Бөлісу:

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Қазақстан Ұлттық банкінің Жамбыл филиалы директоры Евгений Шарыгин, «Банк ЦентрКредит» АҚ Тараз қаласындағы филиалының директоры Бекдауыл Иптилдаев, «Цесна банк» АҚ филиалының директоры Ғалымжан Доланбековтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Спикерлер «7–20–25» бағдарламасын іске асыру» туралы журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың наурыз айында ұсынған бес әлеуметтік бастамасының бірін іске асыру шеңберінде Қазақстан Ұлттық банкі жаңа «7–20–25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын бекітіп, «Баспана» ипотекалық ұйымы» құрылғаны белгілі. Жамбыл облысында бүгінгі күні бағдар­ла­маны жүзеге асыру мақсатында 6 банк­­тің филиалы жұмыс істейді. Олар – ЦентрКредит банкі, АТФ банк, Халық банк, Цесна банк, Еуразиялық банк және Форте банк филиалдары. Аталған бағдарлама кезекке тұрып, күтудің қа­жет­ті­лігі болмауымен ұтымды. Әркім құры­лыс салушыны өзі таңдайды, тұр­ғын үйді өзі табады, банкке жүгінеді және ары қарай ипотека рәсімдейді.
Жамбыл облысы бойынша бүгінгі күнге дейін банк филиалдарымен 407,7 млн теңгеге 51 өтініш қабылданып, 284,8 млн теңгеге 33 өтініш мақұлданған. Оның ішінде 6 заем – білім саласында жұмыс істейтін жұмысшылармен, 2 – әскери, 3 – мемлекеттік орган қызмет­кер­­лерімен, 6 – медицина қызметкер­лері­мен, 2 – спортшылармен, 1 заем – ауыл шаруашылығы саласының қызмет­ке­рі­мен, 1 – пошталық қызмет жұмыс­шы­сымен, 2 – екінші деңгейдегі банктің қызметкерлерімен, 5 заем жеке ұйым­дар­да жұмыс істейтін тұлғалармен және 1 заем ХҚКО қызметкерімен алынған. Мамандардың айтуынша, бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылуы мүмкін бас­тапқы тұрғын үй объектілеріне қа­тыс­­­ты қазіргі таңда бағдарлама бойын­ша бастапқы тұрғын үйді облыс орталы­ғын­дағы мына жерлерден алуға болады екен. Яғни, «7–20–25» бағдарламасы шеңбе­рін­де ЕДБ жүзеге асырылатын, жақын арада ҚТҚЖБ-дан ЖАО берілетін «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тұрғы­зылған «Арай» алқабындағы шама­мен 100 пәтер. Сондай-ақ «7–20–25» бағ­­дарламасы шеңберінде ЕДБ жүзе­ге асырылатын, келесі жылы ҚТҚЖБ-дан ЖАО берілетін «Нұрлы жол» бағдар­ла­ма­сы бойынша тұрғызылған 15 ықшам­ауда­нындағы 300-ге жуық пәтер (барлы­ғы биыл 10 үй тұрғызылды – бұл 800 пәтер, оның 500-не ҚТҚЖБ бағыты бойын­ша басымдыққа ие салымшыларды несиелеу күтіліп отыр). Ал жеке құрылыс салушылардан – 80 пәтер («Бином» ЖШС, «Жамбыл Тас-Құм» ЖШС, «Абылай Сана 2003» ЖШС, «Восход» ӨК, «Пико» ӨК және «Қаратау Құры­лыс» ЖШС).

Ерман Әбдиев, Жамбыл облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*