Жоба жемқорлықты жояды

84
0
Бөлісу:

Қазіргі таңда jumys.sitcen.kz порталы арқылы 837 адам жұмысқа орналасқан. Жүйеге жалпы жұмыс іздеушілер тарапынан қызығушылық танытып, бүгінгі күні 62 778 қолданушы тіркеліп отыр.

Түркістан облысының барлық мек­теп­теріне jumys.sitcen.kz порталы арқы­лы қатардағы қызметкерлер мен педагогтарды жұмысқа қабылдаудың автоматтандырылған жүйесі ендірілген. Аталған жүйе жалпы орта білім беру ұйым ұйымдары педагогтарын жұмысқа қабылдауды және мектеп директор­ла­рын конкурстық тағайындау барысын авто­маттандырады. Сондай-ақ білім ұйымдарындағы техникалық қызмет­кер­­лер­дің бос орындары жайлы хабар­ла­малар орналастырылған. Бүгін бұл туралы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте білім басқармасы басшы­сы­ның орынбасары Ардақ Садықова мәлімдеді.
Оның айтуынша, бүгінгі күнге дейін аталған электронды жүйеде 1571 педа­гог пен техникалық қызметкердің бос жұмыс орындары туралы хабарлама жария­ланған.
«Қазіргі таңда jumys.sitcen.kz порта­лы арқылы 837 адам жұмысқа орна­лас­қан. Жүйеге жалпы жұмыс іздеушілер тара­пынан қызығушылық танытып, бүгін­гі күні 62 778 қолданушы тіркеліп отыр. Сондай-ақ 4632 жұмысқа қабыл­дау туралы өтініш келіп түскен. Соны­мен қатар, 2019 жылдан бастап да­рын­ды балаларға арналған маман­дан­ды­рыл­ған мектеп-интернаттарына қа­был­­дау mektep.sitcen.kz порталы арқы­­лы жүзеге асырылатын болады. Атал­ған жүйеде мектепке қабылдау кон­курсын өткізу толық автоматтан­ды­рылған» деді Ардақ Мәдіханқызы.
Айта кетерлігі, ата-ана өзінің баласын портал арқылы кез келген дарынды балаларға арналған мектепке конкурсқа қатыстыра алады және пор­талдағы онлайн тестілеуден жоға­ры балл алған бала мектепке қабылданады.
Сонымен қатар облыстағы мектеп­тер Bilimland цифрлы білім беру ресурстарымен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Биылдан бастап күні бүгінге дейін 594 000 сабақ қаралымы болды. Облыстық бюджеттен цифрлы білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету мақ­сатында 1500 дана Bilim Book ком­пью­­тер-планшет шалғай ауылдағы 195 мек­тепке таратылып, цифрлы білім беру ресурстарына интернетсіз қол жеткізуде.
Сондай-ақ алдағы жылы Түркістан облы­сының білім саласында педагог­тар­дың аттестациясын және олардың білім жетілдіру курстарынан өтуін автоматтандыру, білім ұйымдарындағы кітап қорын пайдалануды және оқу­шы­лардың ыстық тамақпен қамтылуын авто­маттандыру жүйелері жүзеге асады деп жоспарлануда. Аталған жоба білім саласындағы сыбайластық заңбұзушы­лықты тоқтатуға үлкен серпін береді.

Серік САДЫР

Бөлісу:

Пікір жазу


*