Жастарға көрсетілетін көмек көп

175
0
Бөлісу:

Шымкентте «Нұр Отан» партиясы «Оң­түстік су» филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бес әлеуметтік бастамасының төртінші бастамасы – «Шағын несие беруді көбейту» бағытын насихаттау мақсатында
«Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС ұжымының жастарымен кездесу өткізілді.

«Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-нің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бастығы Омарқұл Оңланов төртінші бастаманың мақсат-міндеттері туралы айтып берді.
«Шағын несиелендірудің негізгі мақсаты – бизнес ашу және оны кеңейту. Бұл – жастар үшін өте ұтымды жоба. Осы төртінші бастама аясында құжаттарды дайындап, өздеріне жеке бизнес ашу үшін банктерден 4,5 млн теңге мөлшеріне дейін жеңіл­дікпен шағын несие алуға, сол ар­қылы кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді. Сіздер су және канализация құбыр­ларын құру, жөндеу, ескі құбырларды ауыс­тыру, су өлшегіш құралдарын орнату т.б. бағыттар бойынша жұмыс атқара ала­сыздар. Қазіргі таңда 2017 жылмен салыс­тыр­ғанда, несие беру 2 есеге артып, көпте­ген жерлестеріміз өздерінің бизнестерін дамытып жатыр» деп, бірнеше мысал келтірді.
Партиялықтар ұйымдастырған жиын ашық әңгіме түрінде өтті. Жастар өзінің ой-пікірлерімен бөлісіп, шағын несие беруді көбейту және мүмкіндік болса қайтарым пайызын төмендету жөніндегі мәселелерді ортаға салды. Сонымен қатар, жиынға қатысушылар негізі жастар болған соң, баспана алуға мекемеден қандай көмек көрсетілетіні, жеке үй құрылысын салуға жер бөлу туралы, жалақы мәселесі, тағы басқа да көптеген сұрақтар қойылды. Мекеме кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Ибраев қойылған сұрақтарға барынша жауап берді, кейбір сұрақтарды жазып алып, тиісті өкілетті мекемелерге сұраныс жасау жөнінде хаттар жолдайтынын хабарлады. «Нұр Отан» партиясы «Оңтүстік су» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Абидин Сакенов отырысты қорытындылады, бұндай тақырыпта жиналыс жалғасын табатынын айтып, қатысқандарға алғысын білдірді.

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*