ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНА ҮН ҚОСТЫ

140
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әрбір бастамасы қоғамда қызу қолдауға ие болып жатады. Сірә, оның себебі – Президент бастамаларының өміршеңдігінде, қоғамдағы күрделенген проблемаларды дөп басуында секілді. Аталған бастамаларға түрлі меке­мелер, компаниялар үн қосып, талқылап, қоры­тынды шығарып келеді. Сондай шара­ның бірін Алматы халықаралық әуежайы Президенттің бес әлеуметтік бастамасы мен Жолдауын негізге ала отырып өткізді.

Алматы қаласы Түрксіб ауданында өткен шараға «Нұр Отан» партиясы Түрксіб аудандық филиалы төрағасының орын­басары Нұрланбек Әжібаев пен әуежайдың вице-президенті Бақытжан Әбдірәсілов қатысып, сөз сөйледі.
– «Бес әлеуметтік бастама» – бұл нақты тапсырмалары мен орындалу уақыты, қаржылық жағдайы бекітілген аса қажетті әлеуметтік бағдарлама. Негізінен ол қоғам­ның әлеуметтік аз қамтылған топтарының мәселелерін шешуге бағытталған. Бұл бас­тама – дәл қазіргі сәтте адамдарға ең керек нәрсе. Президент бастамаларының ішіне жаңа ипотекалық бағдарлама, салықтың азайтылуы, гранттардың бөлінуі және жаңа студенттік жатақханалар салу мәселесі кіреді. Онда, сондай-ақ шағын несие беруді арттыру мәселесі мен елдімекендерді газ­дандыру шаралары да қамтылған. Қоғам­ның әлеуметтік беріктігін арттыра түсу үшін аталған тапсырмаларды жұмылған жұдырықтай атқара білуіміз керек, – деді Нұралы Әжібаев.
Кездесу барысында Президенттің осы жылдың 5 қазанында жасаған «Қазақстан­дықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы да талқыланып, ондағы басым бағыттар тү­сін­дірілді. Шара аясында сөз алған Бақытжан Әбдірәсілов әуежай ұжымының Президент Жолдауына тиянақты қолдау білдіретінін, оның іске асуы үшін аянбай еңбек ететінін айтты. «Қазіргі таңда жолаушыларға көр­сеті­летін қызмет сапасын арттыра түсу жайы қарастырылып жатыр. Мүгедек адам­дарға да барлық жағдай жасалған. Біз өз тара­пымыздан әркез оң өзгерістер жасап, көпшілікті қуантуға тырысамыз» деп атап өтті ол.
Кездесу аясында Нұрланбек Әжібаев партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында жүзеге асып жатқан мүгедек жан­дар үшін жасалған нысандағы мүмкін­дік­термен де танысты.

Абай АЙМАҒАМБЕТ, Алматы қаласы

Бөлісу:

Пікір жазу


*