ШҚО: колледж басшылары ел мен билікті алдап жүр

377
0
Бөлісу:

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы өңірдегі колледждердің қызметіне тексеру жүргізіп, көптеген заң бұзушылықтарды, сондай-ақ, бюджеттік қаражатты мақсатсыз жұмсау фактілерін анықтады.

Атап айтқанда, мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде конкурстық рәсімдерді сақтамау, студенттерді жалған оқыту, гранттарды заңсыз тағайындау, оқытушылардың біліктілік талаптарына сай келмеуі, студенттерді жатақханалармен қамтамасыз етпеу, сондай-ақ, мемлекеттік мүлікті заңсыз жалға беруден табыс алу фактілері анықталған.

Жұмыс орнымен қамтылған түлектердің саны туралы мәліметтерді жасанды түрде арттыру арқылы жалғандау, оқу орындарының әкімшілігімен түлектерді жұмыспен қамтылуына көмек көрсетпеуі жиі орын алған.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ережелері бұзылып,  нақты айтқанда, басқа жерлерден келген студенттер жатақханалармен қамтамасыз етілмегеніне қарамастан, облыстың білім беру басқармасы жыл сайын Семей қаласының бизнес және сервис колледжіне, Аягөз қаласындағы политехникалық колледжіне және Өскемен қаласындағы екі колледжге гранттар берген.

Колледж әкімшіліктері студенттердің жатақханада тұру бағасына мемлекеттік тапсырыс бойынша келісімшарттың жалпы сомасына енген коммуналдық қызметтер үшін шығындарды енгізген, жатақханалардағы бөлмелерді үшінші тұлғаларға жалға беретін.

Күршім колледжінде 12 студентті жалған оқытқан. Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері оқу сабақтарын өткізу кезінде теориялық және практикалық оқу журналдарында осы студенттерге баға қойған, оларды аралық аттестаттауға жіберген, курстан курстарға көшірген. Бұдан да басқа, осы студенттерге стипендия төленіп, мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 8 млн теңге құраған. Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Колледжердің аумағында мүлікті жеке мақсаттарында заңсыз пайдалану фактілері де анықталған. Мысалы, халық әртістері ағайынды Абдуллиндердің атындағы Шығыс Қазақстан облыстық өнер училищесінің аумағында ұзақ уақыт ақылы автотұрақ орналасқан. Прокурордың ұсынымы енгізілген соң, автотұрақ жабылып, оның орнында спорт алаңшасын салу жоспарлануда.

Тексеру нәтижелері бойынша прокурорлар 43 млн теңгедан асатын залалды анықтады. Қадағалау актілері бойынша бүгінгі күнге дейін 36 млн теңге өндірілді. Тәртіптік жауапкершілікке 60 тұлға,  әкімшілік жауапкершілікке 4 тұлға тартылды.

Асқар Алтайұлы

Бөлісу:

Пікір жазу


*