Өзара сапарлар өрістейді

98
0
Бөлісу:

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Эстонияның Премьер-министрі Юри Ратаспен кездесті. Жүздесу барысында екіжақты байланыстарды дамыту келешегі талқыланды.

Қ.Тоқаев Қазақстан мен Эстония арасында сындарлы және сенімді үн­қа­ты­су қалыптасқанын атап өтті. Ол екі ел арасындағы парламентаралық байланыс қос тараптың қатынастарына жаңа қарқын бере алатынына назар аударт­ты. Сенат төрағасы Эстония Парла­менті­мен тығыз байланыс орнатуға мүдделі екенін жеткізіп, қос тараптың заң шығару органдары делегацияларының екіжақты сапарларын ұйымдастыруды ұсынды.
Кездесу барысында Қ.Тоқаев Қазақ­стан­ның саяси өмірінде Сенаттың алып отырған орны мен стратегиялық мақ­сат­тарды іске асыру жөніндегі депутаттардың жұмысы туралы Ю.Ратасты хабардар етті.
Тараптар сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты терең­дету мүмкіндігі жөнінде пікір алмасты. Цифрлы технологиялар мен көлік-логистика саласы сияқты келешегі зор өзара іс-қимыл бағыттарына ерекше ден қойылды. Қ.Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан арқылы өтетін, Қытай мен Азияның басқа да елдерін Еуропамен бай­ланыстыратын теміржол мен авто­кө­лік бағыттарының мүмкіндіктері ауқымды.
«Ұлттық көлік инфрақұрылымын жаңа­ртуда және оны Ұлы Жібек жолының Қытай тұжырымдамасымен үйлестіруде Қазақстан аймақтағы жетекші хабқа айналып отыр» деді Сенат төрағасы.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*