Инвестиция құюға әзір

92
0
Бөлісу:

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Эстонияның Премьер-министрі Юри Ратас бастаған осы ел делегациясы өкілдерімен кездесу өткізді. Тараптар екіжақты қарым-қатынасты нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.
Н.Нығматулин Эстония – Қазақстанның Бал­тық аймағындағы маңызды серіктесі, сон­дықтан онымен жан-жақты ынтымақ­тас­тық­­ты дамыту біздің еліміз үшін үлкен маңыз­ға ие екенін атап өтті. Өткен жылы екі ел ара­сын­да дипломатиялық қатынастардың орна­ғанына 25 жыл толды.
Осы уақыт ішінде конструктивті саяси диалог орнығып, қажетті келісімдік-құқық­тық база түзілгеніне назар аудартқан Мәжіліс төрағасы осы сапар қазақстандық-эстония­лық қарым-қатынастарды нығайтуға елеулі серпін береріне сенім білдірді. Өзара іс-қимыл­дың перспективті бағыттары қатарын­да цифрлық технологиялар, инновациялар, көлік пен транзит, энергетика аталды.
Нұрлан Зайроллаұлы Қазақстан Прези­ден­ті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзе­ге асырылып жатқан «Цифрлы Қазақ­стан» бағдарламасына сәйкес, біздің елімізде цифрлық технологияларды ендіруге және дамытуға зор көңіл бөлініп отырғанын айтты. Бұл ретте Эсто­ния­ның цифрландыру, ақпа­рат­­­тық-коммуни­ка­ц­иялық технология сала­сын­­дағы жетістіктері мемлекетіміз үшін қызы­ғушылық тудырады.
Өз кезегінде Эстония Премьері екіжақты қатынастардың өркендеуі үшін орасан зор әлеуеттің барлығына тоқтала келе, Эстония­ның Қазақстан экономикасына инвестиция құюға дайындығын жеткізді. Осы орайда Юри Ратас Қазақстанның, соның ішінде Астананың даму қарқынын және қол жеткіз­ген жетістікте­рін жоғары бағалады. Эстон Үкіметі басшысы­ның айтуынша, бұған таң­дан­бай және тамсан­бай қарау мүмкін емес.
Мәжіліс спикері Н.Нығматулин Мәжі­ліс­тің заң шығарушылық жұмысы туралы, сон­дай-ақ қазақстандық және эстониялық пар­ла­ментшілердің өзара әрекеттестігін нығайту жа­йында әңгімелей келіп, заңнамалық тәжі­ри­­бемен алмасудың да маңыздылымен алмасудың да маңыздылығын атап өтті.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*