Ерасылға жерлестері автокөлік сыйлады

628
0
Бөлісу:

Биыл шілде айында Тұңғыш Президент жүлдесі мен Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қазақстан барысы» республикалық турнирінде Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылының тумасы, жерлесіміз Ерасыл Қажыбаев мерейімізді үстем етті.

«Әскер барысы» атанып барып, «Қазақ­стан барысында» бақ сынаған Ерасылдың жеңіске деген жігері біз­дерді шын қуантты. Барыс арена төрін­де тәжірибелі 30-дан астам бал­уан­ның арасынан жігерлі мінезімен, табан­ды­лығымен суырылып алға озып, күміс желдеге ие болған бауырымыздың жетістігі ақсуаттықтар үшін айрықша мақтаныш.
Таяуда ауданымыздың 90 жылдық тойына Ерасыл Қажыбаев құрметті қо­нақ ретінде шақырылды. Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев балуанды жеңі­сімен құт­т­ықтап, «Қазақстан бары­сы» тур­ни­рі­не Ерасыл алғаш рет қатысса да, жо­ғары шеберлікпен өнер көрсеткен­дігін айтып, финалға дейін сүрінбей же­тіп, күміс жүлдеге ие болғанын үлкен ер­лік деп бағалады. Аудан басшысы Тар­ба­ғатай халқы атынан Ерасыл Қажы­баев­қа авто­көліктің кілтін табыс­та­ды. Бұл тұс­та бапкердің де еңбегі ерен екенін тілге тиек етіп, жаттықты­ру­шысы Ержан Жантасовқа алғыс хат тапсырды.
«Қазақстан барысы» тарихының жаңа парағына өз есімін ойып тұрып жазған Ерасылдың жарқын жеңісі ұзақ жылғы еңбек пен төгілген тердің өтеуі екені сөзсіз.
Жалпы, Тарбағатай ауданы апайтөс балуандарға қашанда кенде болмаған. Атағы алпыс атанға жүк боларлықтай қара күш пен асқан ептіліктің иелері – Молдабай балуан, Әбділдәбек, Иісбай, Шиғара, Ығылан секілді тола­ғай­лар, одан бергіде Тұсын Қал­мақ­баев, Қали Иманбаев, Марат Има­­шевтар – қазақ күресінің май­­­­тал­ман­дары. Тізе берсек, бір мақа­ла­ға сыйдыра алмасымыз анық.
Қазақ күресі – рухтың қайрағы, на­мыстың найзағайы. Міне, жоғарыда атаған балуан бабалардың ізін жалғап жүрген Ерасылдай азаматымызға, жерлесімізге тек жеңіс тілейміз!

Ерлан БАПАНОВ,
Тарбағатай ауданы,
Шығыс Қазақстан облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*