ӨЗГЕРІСТІ БАҒАМДАУ МАҢЫЗДЫ

112
0
Бөлісу:

2016 жылдың 1 қаңтарынан Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. Сөйтіп мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді.

Бізге тарихымыздағы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзге­рістерді бағамдау маңызды. Оның үсті­не олар – біздің қазақстандық арма­ны­­мыз. ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлт­тың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады.
Біздің бірінші реформамыз «Мемле­кет­­тік қызмет туралы» жаңа заң негі­зін­де мемлекеттік аппараттың тиімділігін артты­руға бағытталған.
Мемлекеттік қызметтің реформасын біз алғашқы заңнамалық акт – Прези­дент­тің «Қазақстан Республи­касын­дағы мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығы қабылдануының 20 жыл­ды­ғы тұсында жүзеге асыра бастауы­мыз­дың нышандық мәні бар.
1995 жылдың желтоқсанында бұл құжат тек Қазақстан үшін ғана емес, сон­дай-ақ, бүкіл ТМД кеңістігі үшін инно­вация болғанын атап өту маңызды.
Біз барлық посткеңестік елдер ішін­де алғаш болып мемлекеттік қызметші­лер­дің жаңа кадрлық корпусын конкурс және меритократия қағидаттары арқылы қалыптастыруға кірістік. Қазір қазақ­стан­дық мемлекеттік қызметті дамы­ту­дың жаңа кезеңі бастау алды.
Елбасы Жарлығымен Мемлекеттік қыз­мет істері жөніндегі министрлік, оның құрылымында Жемқорлыққа қар­сы іс-қимылдың ұлттық бюросы құрыл­ды.
Осылайша, тек мемлекеттік қызмет жүйесі ғана емес, сондай-ақ, жемқор­лық­­қа қарсы іс-қимыл танытатын, яғни жемқорлық көріністерінің барынша алдын алуға бағдарланған жүйе де жаңғыр­тылып отыр.
Бұл жерде жемқорлықпен күрестің өзі барынша дәйекті бола түседі және жүйе­лі сипатқа ие болады. Міне, жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл туралы жаңа заң осындай ұстанымдарға негізделсе, оның өзі халықаралық стандарттарға бағдар­ланған және жаңа жылдан бастап күшіне енді.
Жемқорлыққа қарсы жаңа заңнама­мен өзара байланыста және сонымен қатар­ласа қабылданған мемлекеттік қыз­мет туралы жаңа заң мемлекеттік қыз­меттің жаңартылған моделінің негіз­г­і шеңберлерін және мемлекетті бас­қару­дың барлық жүйесінің тиімділігін күшейту бойынша одан арғы іс-қимыл­дар­дың рет-тәртібін айқындайды.

Айдын ТЛЕПБЕРГЕНОВ,
Алматы қаласы Түрксіб аудандық
Әділет басқармасының басшысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*