ЖОЛ САЛУДЫҢ МАШАҚАТЫ МОЛ

100
0
Бөлісу:

Мәжілістегі Фракция жанындағы «Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша комиссия аясында Қарағанды облысында көшпелі инспекция жұмысы өтті.

Көшпелі жұмыстың басты мақсаты – «Астана – Қарағанды» бағытындағы авто­мобиль жолының қайта жаңғырту жұмыс­тарының нәтижесімен танысу және кепілдік берілген мерзімде анықталған олқылықтарды мердігер ұйымдар тарапынан жою.

Жұмыс барысында аталған комиссия­ның мүшесі, Мәжіліс депутаты С.Сәпиев мердігер және пайдаланушы ұйымдарының өкілдерімен кездесіп, «Теміртау –Қара­ғанды» учаскесін қайта жаңғырту жұмыс­тарымен танысып, сондай-ақ жол құры­лысы барысында туындаған күрделі мәселелерге тоқталды.
Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның өкілдерінің, атап айтқанда Сапаны бақылау және техникалық саясат депар­таментінің директоры Д.Бессонов­тың, Ақмола филиалының директоры Т.Смағұловтың, Қарағанды филиалы директорының міндетін атқарушы И.Гафтонның баяндамалары тыңдалды.
Айта кетейік, жалпы бағыттың ұзын­дығы – 181,9 шақырым. Соның ішінде Ақмола облысына қарастысы – 78, Қара­ғанды облысына қарастысы – 103,9 ша­қырым. Ақмола облысындағы жобалар – 2012-2017 жылдар аралығында, ал Қарағанды облысындағы жобалар 2014-2017 жылдар аралығында жүзеге асырылды. «Теміртау – Қарағанды» автомобиль жолының учаскесі 1444-1457,4 шақырым қазіргі уақытта жүзеге асырылуда, нысан құрылысының аяқталу мерзімі 2019 жылға жоспарланған. Нысандардың жалпы саны – 10, соның ішінде 3-еуі – Ақмола облысына, 7-уі Қара­ғанды облысына қарасты.
Жұмыс нәтижесі бойынша тиісті орталық атқарушы органдарға ұсынымдар қабылданды.

Анар ҚОНЫС

Бөлісу:

Пікір жазу


*