БРУЦЕЛЛЕЗ – ҚАУІПТІ КЕСЕЛ

120
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының Сайлау алдындағы бағдарламасының «Аграрлық сектор» бағыты бойынша «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Мәдешұлы Бекмағамбетовтың қатысуымен облыстық партия кураторының комиссия отырысы болып өтті.

Аймақтық партия кураторы, облыстық мәслихат депутаты Максим Божконың төрағалығымен өткен комиссия отыры­сында облыстың ветеринария бөлімінің жұмысына облыстың ветеринариялық-санитариялық-гигиеналық және халықты жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғауды қамтамасыз ету мәселелері және оларды шешу жолдары қарастырылды.
Ақмола облыстық ветеринария басқар­масы басшысының орынбасары Қанат Ағасұлтанов, Сандықтау аудандық ветери­нария бөлімінің басшысы Талғат Әбжанов, Бурабай аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Жұмабек Қуанышевтар баяндама жасады.
Бүгінгі күннің маңызды мәселелері қата­рында облыстағы биологиялық қал­дық­тарды (жануарлардың өлі денелерін), яғни малдардың сүйектерін тастау үшін ветеринариялық-санитарлық нысандармен қамтамасыз етілген елдімекендердің жағ­дайы алаңдатады.
«2016-2018 жылдардағы зерттеулерге сүйенсек, бруцеллез дертіне шалдыққан ірі қара мал саны 0,3%-ға азайғанын көріп отырмыз. Бруцеллезге шалдыққан ұсақ мал екі есеге дейін төмендегенін байқаймыз. Бұл ірі қара мал санының өсуіне қарағанда айтарлықтай жақсы көрсеткіш» деді облыс­тық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары.
Алайда отырысқа қатысушылар бруцел­лез ірі қара малдың азаюына әкеп соқтыра­тын бірден бір қауіпті кесел екендігін айтып отыр.
«Бруцеллездің төмендеу фактісі 2017 жылмен салыстырғанда Астрахан, Ақкөл, Аршалы, Сандықтау, Жарқайың, Біржан сал аудандарында кесел саны азайған. Алайда Қорғалжын, Атбасар, Шортанды, Степногор, Есіл аудандарында бруцеллез кеселі азаймай отыр» деді Қанат Ағасұлтанов.
2018 жылға арналған ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен бөлінген қаражат көлемі бүгінде 905,5 миллион теңгені құрайды. Бірақ тә­жірибе көрсеткендей, бұл қаражаттар қа­лыпты жұмыс істеуге және тиісті дең­гейде күтім жасау үшін жеткіліксіз.
Бұл саладағы проблемалардың бірі – кадр мәселесінің қамтамасыз етілмеуі. Іс жүзінде жұмыс істейтін мамандардың ба­сым бөлігі зейнет жасына жеткен адамдар.
«Ветеринария саласында қызмет етіп жүрген адамдардың орташа жасы – 55-60-тың маңы. Зейнет жасына келіп, демалысқа кетіп жатқан мамандардың орнына жастар келмейді. Ветеринария бөліміндегі мем­лекеттік қызметшілердің орындары да бос тұр. Бурабай ауданынан басқа облыстың барлық аймағында кадр тапшылығы бай­қалып отыр. Бурабай ауданында арнайы колледж бар. Жылына 40 түлек колледжді бітіріп шығады. Алайда бұл да кадр мәсе­лесін шешпей отыр» дейді мекеме бас­шысы.
Комиссия отырысы барысында көпте­ген түйткілді мәселелер көтеріліп, уәкілетті органға іске асыруға жіберілетін бірқатар ұсыныстар қабылдады.

Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*