Зейнеткердің жұмыс істегені жөн бе?

315
5
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының Респуб­ликалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов азаматтарды қабылдады. Тұрғындар еңбек және баспана дауы, құқығының бұзылғаны, сот шешімдеріне келіспейтіндігі туралы арызданып келген.

Кейінгі жылдары зейнет жасына жеткен азаматтар заң бойынша зейнетке шығуы тиіс. Қабылдауға келген дерматолог дәрігер Лиза Бұрханқызы «Заң зейнет­кер­лердің бәріне бірдей болуы керек. Жұмыс берушінің зейнеткерлерді жұмыстан босатуға қатысты талабын заңнан алып тастауы қажет» деген шағымын айтты. Оның айтуынша, еңбекке жарамды болса да, оны ешбір медициналық мекеме жұмысқа алмайтын көрінеді.
«Дерматолог дәрігермін. Зейнетке шыққан соң, баламды оқыту үшін жұмыс істегім келеді. Бірақ менен де жасы үлкен зейнеткерлер басқарып отырған меди­циналық мекемелер жұмысқа алмайды. Себебі, жұмыс берушінің еркі өзінде… Егер заң бойынша «азаматтар зейнет­керлікке шыққан соң, жұмыс істемеуі керек десе, талап барлық зейнеткерге бірдей болуы керек деп санаймын. Жұмыс сұрап барсам, түр-әлпетіме қарап жұмысқа алмайды. Баламды қыруар қаржы төлеп оқытып отыр­мын. Денсаулығыма қарап, тісімді түгендеп салдыруға мұршам жоқ. Түр-әлпетіңе қарап жұмысқа алмау, өзге зейнеткерлер басшылық қызметте отыр­ғанда мені жұмысқа алмауын кемсітушілік деп санаймын» деді Лиза Бұрханқызы.
Зейнеткердің талап-тілегін өтініш ретінде жазып қалдыру керектігі айтылды. Әлеуметтік мәселе алдағы уақытта талқы­лауға ұсынылмақ. Қабылдауға Астанаға арнайы келген, әділетсіздіктен қажыған Түр­кістан облысының тұрғыны Еркінбек Нұр­жанов сот шешімімен келіспейтіндігін айтты. Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылының тұрғыны Еркінбек Нұржанов ұлының өліміне кінәлілер жаза­ланса дейді. Оның айтуынша, бір жылдан бері әділдік іздеп құқық қорғау органдарының табал­дырығын тоздырған.
«Баламның өліміне қатысты сот шешім­дерімен келіспеймін. Мардан Сапарбаев атын­дағы педагогикалық институтта оқитын ұлым кісі қолынан қаза тапты. Бірақ бір топ бала кінәлі болса да, «жүрегіне бір-ақ рет пы­шақ сұғылған» деп бір ғана адамды жазаға тартты. Кінәлілер әлі жазаланбай бостан­дықта жүр. Тергеу жұмыстары әділ өтпеген­дік­­тен, осы күнге дейін әділдікке жете алма­дым. Аймақтағы жең ұшынан жалғасқан жем­қорлық кінәлілердің жазадан құтылып кетуіне ықпал етіп отыр» деп шағымын айтты.
Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов адам өлімімен аяқталған қылмыстық оқи­ға­ның жай-жапсарын мұқият тыңдап, құжат­тарын оқып шықты. Еркінбек Нұржановтың арызы бойынша істің ақ-қарасын ажырату үшін Жоғарғы соттан араша сұрауға кеңес берді. Сондай-ақ қабылдауда келген азамат­тар­дың баспана мәселесі, құқықтарын қор­ғауға байла­ныс­ты арыз-шағымдары тың­дал­ды. Көтеріл­ген мәселелер алдағы уақытта заң шеңбе­рінде шешімін табады.

Майра ЖАНЫСБАЙ

Бөлісу:

5 пікір жазылған

  1. Ахмет 16 Қараша, 2018 at 18:02 Жауап

    Столько информации можно получить при таких общественных приемных. Радует что все работают открыто и прозрачно, доступно.

  2. Самат 16 Қараша, 2018 at 18:03 Жауап

    Молодежь думаю часто пользуются такими моментами для получения ответом от первых лиц

  3. Малик 16 Қараша, 2018 at 18:03 Жауап

    Радует когда руководители региона принимают население, не редко молодежь интересуются о своих возможностях, сфере предпринимательсвта и т.д.

  4. Айдар 16 Қараша, 2018 at 18:03 Жауап

    Жақсы жұмыс. Халықпен кездесу керек, халықты тыңдау керек. Жастарда жиі келеді депойлаймын осындық қабылдауларға

  5. Сакен 16 Қараша, 2018 at 18:04 Жауап

    Өңір басшылары осындай кезедсулер жасап жатқанда жастар өз мүмкіндіктері бойынша, бизнес саласы бойынша көп сұрақтарына жауап алып жатады.

Пікір жазу


*