«Сарыарқа» газ құбыры – стратегиялық маңызды жоба

125
10
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа арнаған үндеуі жарияланғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Әйтсе де, осы бастама аясында елімізде бірнеше маңызды жобалар қолға алынды, қарқынды жұмыстар жүргізіле бастады. Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету, жалақысы төмен жұмысшы-қызметкерлерге салықтық жеңілдіктер жасау, жастардың білім алуы және олардың жатақханалардағы жағдайын жақсарту, кәсіпкерлерге шағын несиелер беруді көбейту бағытындағы бастамаларда бүгінде оң нәтиже бар. Осы үндеудегі бесінші бастама елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру болатын.

Жалпы елімізде жүргізіліп жатқан газдандыру жұмыстары нәтижесінде тауарлық газды тұтыну көлемі соңғы сегіз жылда 53 пайызға дейін көтерілген екен. Мәселен, 2010 жылдары елімізде тауарлық газды тұтыну көлемі 9 млрд текше метрді құраса, бүгінде бұл көрсеткіш – 13,8 млрд. Қазіргі уақытта елімізде 1 320 елдімекен көгілдір отынмен қамтылған. Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасы негізінде қолға алынған «Сарыарқа» сияқты ірі магистралды газ құбыры іске қосылғанда, бұл көрсеткіш белсенді түрде арта түсетіні анық.
Елбасымыз атап өткендей, тәуелсіздік алған жылдардан бері елімізде тұр­ғындардың 50 пайызға жуығы газбен қамтамасыз етілді. Алайда еліміздің орталық және солтүстік өңірлері әлі күнге көгілдір отынның қызығына кенеле алмай отыр. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Елбасы Қараөзек (Қызылорда облысы) – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана газ құбырын салу жобасын ұсынғаны белгілі. Бүгінде бұл жоба бойынша біраз жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, «Сарыарқа» магистралды газ құбырының жобасы жасалып, биылғы 28 тамызда «Мемлекеттік сараптама» РМК-ның оң қорытындысын алды.
Жоба өзінің ауқымдылығына бай­ланысты үш кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңде Қызылорда облысындағы Қа­раөзек кен орнынан басталатын газ құ­быры Жезқазған, Қарағанды, Теміртау ар­қылы Астанаға жеткізіледі. Екінші ке­зеңде Астанадан Көкшетауға тартылса, үшін­ші кезеңде Көкшетау – Петропавл газ құбыры іске қосылмақшы. Былайша айтқанда, осы жоба арқылы Ақмола, Қарағанды, облыстары мен Астана қаласын газбен қамту мәселесі шешілетін болады.
Қазіргі уақытта бірінші кезең бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. Осы қараша-желтоқсан айларында «Сарыарқа» ма­гистралды газ құбырының құрылыс-мон­таж жұмыстары қолға алынады. Бірінші кезеңнің құрылысын аяқтау мерзімі, яғни Астанаға газ құбырын жеткізу – 2019 жылдың желтоқсанына жоспарланып отыр. Ұзындығы мың ша­қы­рымнан асатын Қызылорда – Астана учаскесіндегі газ құбырын салуға жоспар бойынша 267,3 млрд теңге қарастырылған. Жаңа ма­гистралды желі қолданыстағы «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырына қо­сылады. Оның техникалық параметрлері де нақтыланған. Құрылыс кезеңінде 800-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылатыны да еліміздегі әлеуметтік жағдайдың жақсара түсуіне оң әсерін тигізетіні сөзсіз.
«Сарыарқа» магистралды газ құбы­рының осы бірінші кезеңі іске қосылғанда маршрут бойындағы 171 елдімекен кө­гілдір отынға қол жеткізеді. Ал магис­тралды газ құбыры толық пайдалануға берілгенде 2,7 млн адам газ отынының қызығын көреді. Бұл өз кезегінде біраз өңірдегі экологияны сауықтыра түсетіні анық. Әсіресе, Астанадағы зиянды қал­дық­тардың ауаға таралуы алты есеге немесе жылына 35 тоннаға азаяды. Мұны Елбасымыз да ерекше маңыз беріп, атап көрсеткен болатын.
Сонымен, 2019 жылдың желтоқсан айында Астанаға газ жеткізілгенде оны қала ішіне бөліп тарату жұмыстары да бірден басталып кетуі керек. Ол үшін Астана қаласы әкімдігі газ бөлу желілерін салу үшін жобалық-сметалық құжаттарын қазірдің өзінде дайындап қойды. «Астана қаласын газдандыру» техникалық-эко­но­микалық негіздемесі «Мемлекеттік са­рап­тама» РМК-на жіберілген, жоспар бо­йынша осы қараша айында аталған ме­кеме өзінің қорытындысын шығаруы тиіс.
Елорданың ішіне газ бөліп тарату жұмыстары да үш кезеңге жоспарланды. Бірінші кезеңде жалпы саны тоғыз кешен газбен қамтылады. Атап айтқанда, алдымен 1, 2 және 3 жылыту қазандықтары көгілдір отынға қосылады. Бұдан соң Көктал-1, Көктал-2 тұрғын үй алаптарына газ тарту желілері, келесі кезекте Же­лезно­дорожный тұрғын үй алабы, «Оңтүстік Шығыс» тұрғын үй алабындағы газ тарту желілерімен сұйық отан тұрғындарға жеткізіле бастайды. Осылайша, 2021 жылға дейін бірінші кезеңнің жұмыстары толық аяқталуы тиіс. Бұл жұмыстарға 25,1 млрд теңге қаралған.
Ал 2021 мен 2023 жылдар аралығында екінші және үшінші кезеңнің жұмыстары атқарылады. Бұған тартылатын қаржы көздерін жергілікті бюджет, республикалық бюджет, сондай-ақ жеке инвестициялар тарту есебінен құрау жоспарланған. Екінші кезеңдегі газ тарату желілері іске қосылғанда, Мичурино, Интерна­цио­нальный, Күйгенжар, Тельман, При­го­род­ный, Garden Village және Family Village тұрғын алаптары көгілдір отынды пай­далануға көшеді. Осы ретпен таяудағы санаулы жыл ішінде Астана толықтай газбен қамтылатын болады.
Астана – күн санап жоғары қарқынмен дамып келе жатқан ірі мегаполис. Астанада әлемдік деңгейдегі экономикалық форумдар, халықаралық маңызды мәдени шаралар жиі өткізіліп, жаһандық күрделі саяси мәселелер де талқыланып отырады. Соның нәтижесінде Астана бүгінде әлем назарындағы ірі экономикалық, мәдени, саяси орталыққа айналды. Санаулы жыл­дар ішінде осындай қарқынмен өркендеп, дүниежүзіне айбынды елорда ретінде танылған Астанамызды әрбір қазақ­стан­дық орынды мақтан тұтады. Енді көгілдір отынды кеңінен пайдалануға көшетін ел­орда таяу уақытта жер бетіне эко­ло­гия­лық таза қала ретінде танылары сөзсіз.

Сапар АХМЕТОВ,
Мәжіліс депутаты,
Парламенттік фракцияның мүшесі

Бөлісу:

10 пікір жазылған

  1. Ахмет 16 Қараша, 2018 at 17:25 Жауап

    Вообще классно конечно что центральный и северный Казахстан будут подключать к газопроводам, столько жителей будут рады

  2. Самат 16 Қараша, 2018 at 17:25 Жауап

    Пять социальных инициатив Президента дали столько радостей для жителей. Каждый из пяти охватывает свой вопрос

  3. Малик 16 Қараша, 2018 at 17:26 Жауап

    Что еще нужно казахстанцу для счастья? Образование, жилье, побольше з/п, возможность развиваться, улучшение условий жизни

  4. Айдар 16 Қараша, 2018 at 17:26 Жауап

    Я честно когда жил в Астане всегда удивлялся как частные дома в центре города топят печки!

  5. Сакен 16 Қараша, 2018 at 17:26 Жауап

    Действительно супер новость. Газификация Северного Казахстана, Ликуйте Северяе. Запад уже давно к этому привык

  6. Тимур 16 Қараша, 2018 at 17:27 Жауап

    Елбасының бес әлеуметтік бастамаларының бірі расыменде солтүстік Қазақстан мекендерін газдандыру мәселесін қамтиды.

  7. Мурат 16 Қараша, 2018 at 17:27 Жауап

    Барлығымыз осы бес бастаманын әрқайыссысы тезірек жүзеге асса екен деген тілектеміз.

  8. Абылай 16 Қараша, 2018 at 17:27 Жауап

    Тек газ емес Елбасының бастамаларында. Жатақханағ гранттар көбейуі, тұрғын үй мәселесі, микрокредиттер!

  9. Даурен 16 Қараша, 2018 at 17:28 Жауап

    Біздің елдемүмкіндіктер көп халыққа арналған. Қаншама бағдарламалар, қаншама арнайы жобалар бар. Керемет

  10. Әлібек 16 Қараша, 2018 at 17:28 Жауап

    Өзім Батыстан болам. Астана қаласында екі жыл тұрдым. Расыменде газ жоқтығы көп үйренкі шаруаларды қиындатады.

Пікір жазу


*