Түркістанға алғашқы асаршылар келді

359
1
Бөлісу:

Жақын күндері Түркістан қаласы қайнаған құрылыс алаңына айналғалы жатыр. Олай дейтініміз, Елбасының хаттамалық тапсырмасын орындау шеңберінде Түркістан қаласына алғашқы болып Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарының құрылыс саласы бойынша басқармаларының басшылары табан тіреді.
Түркістанды түлетуге көмек қолын созып келген Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлан Қақамбетов пен Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының басшысы Алтынбек Қайсағалиевті облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қабылдады. Қала қонақтары «Түркістан облысының тарихи-киелі орындарының орталығы» ғимаратының құрылысы бойынша мәжіліске қатысты.
«Елбасы тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласында салынатын нысандарды талқылап, зерделеуге ең алғашқы болып Павлодар мен Батыс Қазақстан облысының өкілдері келіп отыр. Ол үшін Сіздерге және Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновке алғысымды білдіремін. Алдымен алаңдағы тарихи ескерткіштердің орналасу тәртібі реттелу керек. Туристерге және қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін сауда орындары жұмыс жасап, отбасылық серуендеуге жан-жақты жағдай жасалуы тиіс. Орталықта бой көтеретін кешендердің дәлме-дәл көшірмесінің биіктігі шамамен 3-4 метр болады. Қойылған тапсырманы тиянақты орындау үшін үшжақты келісімге келіп, жол картасын әзірлейміз», – деді облыс әкімі.
Мәжілісте әкім құрылыс жұмыстары биыл басталуы керектігін айтты. Осы орайда, көрші облыстардан келген қонақтар да Түркістанды көркейтуге барынша қолдау көрсетуге дайын екендерін жеткізді.
Тельман БЕЙСЕНОВ

Бөлісу:

1 пікір жазылған

  1. Гүлзада 8 Қараша, 2018 at 08:49 Жауап

    Тамаша. Қвсиетті, түркі елінің төрі – Түркістанның тезірек түлеп, жаңғыруына тілеулеспіз

Пікір жазу


*