Депозит ашқанда нені білу қажет?

998
0
Бөлісу:

Депозит ашу үшін: 

  1. Жеке куәлігіңізді алып, банкке барасыз.
  2. Банкпен жасалатын келісімшартты мұқият оқыңыз.
  3. Келісімшартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда айыппұл төлейсіз.
  4. Ақшаны шешіп алғанда, комиссиясы қанша екенін анықтап алу қажет.

Біле жүріңіз… 

  1. Қазақстанда депозитті доллар, евро сияқты шетелдік валютамен ашсаңыз, ай сайынғы пайыздық өсімі аз болады. Бірақ теңгенің девальвацияға ұшырауынан қорықсаңыз, шетелдік валюта тиімді.
  2. Теңгемен депозит жинағандар үшін банктер жоғары пайыз ұсынады. Мәселен, қазақстандық банктерде депозит теңгеде – 12%, шетелдік валютада 2%-ға көбейеді.

Банкті қалай таңдау керек?

  1. Жылдық өсімі қолайлы депозит түрін таңдап, сол банктің сайтынан депозит шартымен толық танысу қажет.
  2. Таңдаған банктің «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына» кіретінін анықтап алу керек.

«Айқын» ақпарат

 

 

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*