49 минутқа кешіккен жаяу жәрдем бе, жедел жәрдем бе?

228
0
Бөлісу:
жедел жәрдем

Ақтөбенің «Нұр Ақтөбе» ықшамауданында жедел жәрдем келгенше жеті жасар қыз қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуынша, жедел жәрдем келгенге дейін тілін жұтып қойып, тұншығып қалған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты.  Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, жедел жәрдем шын мәнінде оқиға орнына 49 минутқа кешігіп барған. «Шын мәнінде, жедел жәрдем кешігіп барған. Бұған екі себеп бар. Біріншісі – адамдық фактор, себебі қоңырау шалған кезде қабылдаған диспетчер жоғары температура дегенді елемеген, сол себепті жедел бармаған. Екіншісі – мекенжайы дұрыс көрсетілмеген. Қоңырау шалған адам «Нұрсити», 4 ықшамаудан деп көрсеткен. Екінші рет нақтылап сұрағаннан кейін ғана жедел жәрдем оқиға орнына жеткен» деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова.  Дәрігерлер оқиға орнына жеткенде қыздың өлімін тіркеген. Алдын ала болжам бойынша анықталғаны – қыз бала тілін жұтып қою кезіндегі механикалық тұншығудан қайтыс болған. «Көмек көрсету не көрсетпеу туралы. Дәрігерлер келген уақытта қыздың тырнақтары көгеріп, басы солға бұрылып қалған. Туыстары өздігінен көмек көрсетпекші болған. Олар ағаш қасықпен қыздың тілін тартпақшы болған. Амал не, дәрігерлер келгенге дейін қыздың сіңірі тартылып, қайтыс болған. Қыздың кейпінде қайтыс болған адамға тән симптомдар болған. Сол себепті көмек көрсетілмеген. Денсаулық сақтау министрлігі тәуелсіз комиссия құрды. Соның нәтижесінде, жедел жәрдем қызметінің басшысы емдеу жұмыстарына толық жауап бере алмауы туралы мәселе көтерілді. Дәрігер тексеру аяқталғанға дейін жұмыстан босатылды» деді Светлана Есенаманова.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу:

Пікір жазу


*