Елбасы ескерткен соң, жарық 1 теңгеге арзандады

475
0
Бөлісу:

Астана прокуратурасы «Астана-Энергия», «Астана-РЭК», «Астана-Теплотранзит» акционерлік қоғамы және «Астанаэнергосбыт» ЖШС-на жылу мен жарықтың тарифіне қатысты тексеру жүргізді.

Тексеріс нәтижесінде, аталған компаниялар табиғи монополиялар саласында бірқатар заңнаманы бұзғаны анықталды. Сондай-ақ бюджет қаржысын жөнсіз пайдаланған және инвестициялық бағдарламаларды орындамаған. «Астанаэнергосбыт» ЖШС антимонополиялық органмен 1 кВт/сағатты 11,8 теңгеге жүзеге асыратын болып келіскен. Іс жүзінде екі есе арзан бағаға сатып алған. Сондай-ақ шығындар сметасын уәкілетті орган бекіткен соманың 5%-нан астамын орындамаған. «Астана-Энергия» АҚ 2017 жылы 474 милллион теңгеге шығындар бабын орындамаған. Аталған сома тұтынушыларға өтемақы ретінде берілуі тиіс. Прокуратураның үш монополиске шығарған актісінің қорытындысы бойынша, 1,2 миллиард теңге сомасында электр және жылу бағаларын төмендететін уақытша өтемдік тариф енгізілді. Қазіргі таңда жылу тарифтері Гкалына 3016,52 теңгеден 2842,99 теңгеге және электр жарығы кВт/сағатына 14,59 теңгеден 13,89 теңгеге төмендеді.

Кеше Мемлекет басшысы «Инвестициялар орнына тариф» бағдарламасының іске асырылу барысына тоқталып, оның сапалы орындалуына қатысты жүргізілген тексеріс нәтижесінде анықталған құқық бұзушылықтарды атап өткен еді.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу:

Пікір жазу


*