«Әскери медиа» мәреге жетті

91
0
Бөлісу:

Ұлттық әскери-патриоттық орталықта Қорғаныс министрлігінің бастамасы бойынша өткізілген «Әскер медиа – 2018» республикалық баспасөз фестивалі байқауының қорытындысы шықты.

Фестивальдің биылғы ерекшелігі – отандық медиа ғана емес, сонымен бірге шетелдік БАҚ өкілдері қатысты.
Марапаттау рәсіміне Ұжымдық қауіп­сіз­дік туралы шарт ұйымына мүше мемле­кет­тер қорғаныс ведомстволары­ның бас­шы­­лары, Ақпарат және ком­му­никациялар министрі, Қорғаныс ми­нис­тр­­лігінің басшылығы, Парла­мент депутат­тары, Қазақстан Қарулы Күш­терінің ардагерлері, орталық телеарналар мен басылымдардың бас директорлары мен бас редакторлары, қоғам қайраткерлері қатысты.
Әділқазылар алқасы 400-ден аса журналистің жұмысын бағалады. Ше­шу­ші кезеңге өңірлік, республика­лық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары­ның 50-ге жуық қатысушысы өтті. Олар­дың жарияланымдары мен ре­портаж­дары жоғары деңгейлі кәсіп­қой­­лықпен, тақы­рып­тың өзек­ті­лі­гімен және мазмұндау мәнерімен ерекше­лен­ді.
Фестиваль қорытындысы бойынша «Үздік телвизиялық бағдарлама» номи­на­циясында «Қазақстан-Шым­кент» теле­арна­сының жүргізушісі Серғали Жарыл­қа­сынов жеңімпаз атанды. Қазылардың пікірінше, «Үздік радио­бағ­дарламаны» Мұхтар Тұртайұлы дайын­дады. «Шетелдік БАҚ-тағы Қазақ­стан Қарулы Күштері туралы үздік материал» номинациясында «Звезда» (Ресей) телеарнасының тілшісі Алексей Самолетовтың сюжеті үздік деп танылды. «Баспасөздегі үздік материал» номи­нациясын «Индус­триа­ль­ная Кара­ган­да» газетінің тілшісі Фархат Кинжитаев жеңіп алды. «Ақпараттық агенттіктегі үздік жұмыс» номинациясында «Қазақпарат» агент­ті­гінің тілшісі Арман Асқаров жеңім­паз атанды. Фототілші Жайнар Дәркем­баев «Үздік фотожұмыс» номи­нация­сын жеңіп алды. «Әлеумет­тік желілер мен блог-платформалардағы үздік жұмыс» но­ми­­нациясында блогер Сәуле Серікбай­дың жұмысына жоғары баға берілді. Григо­рий Беденко – үздік әскери шолушы, «Үздік жас журналист» номинациясында Астана­дағы орта мектептің 4-сынып оқу­шы­­сы Айша Исмаилова жеңімпаз атан­ды. «Өңір­лік БАҚ-тағы үздік материал» номи­на­­ция­сында «Знамя труда» газетінің тіл­шісі Кәмила Жұмаділова жеңімпаз болды.
Фестиваль эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева, Әлібек Дінішев, Жұлдыз Уәлихан, Ұлттық әскери-пат­риоттық орталықтың би және вокал ұжым­дарының қатысуымен гала-концертпен аяқталды.

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*