Digital Talks алаңындағы талқы

209
0
Бөлісу:

Қызылорда облыстық филиалы жа­нындағы «Жас Отан» ЖҚ-ның ұйым­дастыруымен Digital Talks пікірталас клубының отырысы өтті. Онда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдар­лама­сының тиімділігі мен ел дамуындағы маңыздылығы тал­қыланды.

Шараға жоғары оқу орындары, тех­ни­калық және кәсіптік білім беру ұйым­дарының студенттері, қала жастары жә­не арнайы шақырылған спикерлер қа­тысты.
Мемлекет басшысы өзінің «Қазақ­стан­ның үшінші жаңғыруы: жаһандық бә­секеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрыла-тын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мо­бильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісін­де қолданылатын және басқа да перспектива­лы салаларды дамыту ке­рек. Бұл индус­триялар қазірдің өзінде дамыған елдер экономикасының құры­лымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты» деп нақты бағдар берген болатын. Демек, бағдарламаның басты мақсаты – қа­зақстандықтардың өмір сапасын арттыру екені сөзсіз.
Кездесуді ашқан облыстық «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Талғат Тілес алды­мен Елбасы Жолдауынан туындаған бұл бағ­дарламаны іске асырудың маңызды­ғына тоқталды.
– Сәт сайын құбылып, ғарыштық жыл­­дамдықпен өзгеріске ұшырап жат­қан қазіргі кезең бізден әрбір ісімізге сер­гек болумен қатар, цифрландыруға жауап­кер­шілікпен қарауды талап етеді. Ел­басының атап өтетіндейі де бар, ақ­параттық технологиялар қарыштап да­м­ып бара жатқан мына заманында IT са­ласын дамытпасақ, дамыған 30 елдің қа­тарынан көріну бізге жай арман боп қа­лары анық. Өйткені өркениетті ел­дер­дің барлығы осы сандық жүйеге кө­шіп, өнеркәсібінің дамуын және хал­қының әл-ауқатын жылдан-жылға жақ­сартып келеді. Бүгінде біздің елі­міз­де де бұл бағытта көптеген жұмыстар қол­ға алынып жатыр. Мысал келтіретін бол­сақ, eGov жүйесі немесе Қазақ­стан­ның электронды үкіметі. Дәл осы жүйе­нің көмегімен бүгінде жүздеген опе­рацияны компьютер алдында оты­­рып-ақ жүргізе аласыз. Құжат рә­сім­деу, ком­муналды қызмет түрлерінің ақысын, салық, айыппұл, сақтандыру және өзге де қызмет түрлерін үйде оты­рып төлеуге кез келген қазақ­стан­дық­тың мүмкіндігі бар. Ал «Цифрлы Қа­зақстан» бағдарламасы аясында бұл жүйе­нің жұмысы одан әрі жетілдірілуде. Қа­зір мектептерде элек­тронды күнделік қол­данысқа енгізіліп, педагогтар атқар­ған жұмыстарының есебі мен жоспарын қағаз күйінде емес, электронды үлгіде тапсыруға мүмкіндік алып отыр, – деді Талғат Тілес.
Сондай-ақ жиынға қатысқан спи­кер, Қызылорда облысы әкімі аппа­ра­ты­­ның «Ақпараттық техноло­гиялар ор­талығы» КММ-нің директоры, Қорқыт Ата атын­дағы Қызылорда мемле­кеттік уни­вер­ситетінің «Компью­те­р­лік ғы­лым­дар» кафедрасының аға оқыту­шы­сы, жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, PhD док­торы Сәбит Ибадулла бағдарла­ма аясында өңір жастарымен жүргізіліп жатқан жұмыстармен бөлісті.
Шара барысында арнайы шақырыл­ған қонақтар «КазРоботикс» феде­ра­ция­­­­сының Қызылорда облысы бойын­ша өкілі Р.Сариев пен Қорқыт Ата атын­­дағы Қызы­лорда мемлекеттік уни­вер­­ситетінің эко­номика және ақпарат­тық техноло­гиялар факульте­ті­нің дека­ны Нұрлан Құлмыр­заевтар да бағ­­­дар­­ла­маның тиім­ділігі мен дамыту ба­ғытында ой­ларын ортаға салып, жас­тар сауал­да­рына жан-жақты жауап берді.

Миуа БАЙНАЗАРОВА,

Қызылорда облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*