Күре жол құрылысы аяқталып қалды

116
0
Бөлісу:

«Орал – Тасқала – Ресей шекарасы» бағытындағы күре жолдың құрылысы қараша айының соңында толықтай аяқталады. «Нұрлы жол» бағдарламасы­мен қолға алынған ауқымды жоба аясында шекара бекеті де жаңғыртылуда.

Таяуда БҚО мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясының фракциясы жанын­да­ғы көлік-логистика инфра­құрылымын да­мыту комиссия­сының мүшелері құры­лыс қарқыны мен сапасын қадағалап кел­ді.
Халықаралық маңызға ие күре жол­дың 100 шақырымын жөндеу жос­пар­лан­ған болатын. Жобаға Ұлттық қордан 23,2 млрд теңге қаражат бөлінді. Қайта жаң­ғыр­ту жұмыстары нәти­же­сінде жолдың ені 9 метрге дейін кеңейіп, жүк көтергіш қуа­ты да екі есеге артты.
Құрылыс жұмыстарының бас мер­дігері UNISERV ЖШС-ның бас инженері Ни­колай Кондопулоның ай­туын­ша, дәл қазір жол бойын абат­тан­дыру, жиектастар мен жол белгілерін орнату секілді жұмыс­тар жүруде. Шекара бекеті де жаңғыр­тылу­да. Жолдың бастап­қы учаскесі 2015 жы­лы пайдалануға берілсе, қалған 73 шақы­рымы биыл кестеден кешікпей тап­сырылады. Құры­лысқа пайдала­нылған ма­териалдардың 98 пайызы отандық өнім.
Өткізу бекетінде екі жолақты кіріс-шы­ғыс жолдар салынуда. Бұл өз кезе­гін­де шекарадағы рұқсат беру мүмкіндігін арттырып, ұзын сонар кеп­телісті азайтуға сеп. Шекара сақшы­ла­рының айтуынша, бе­кет арқылы тәулігіне 600-ге жуық транспорт қатынайды.
– Жолдың сапасы көңіл қуантады. Жүк көтергіш қуаты да артты әрі тақтай­дай тегіс жолда жолаушылар да уақытта­рын үнемдейтін болады. Бұл – өңірде ат­қарылған ауқымды істердің бірі, – дей­ді аталған комиссия төрағасы Аветик Амир­ханян.

Бауыржан ФАЙЗОЛЛАҰЛЫ, Батыс Қазақстан облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*