ҚОЛӨНЕРГЕ КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ

430
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы Алматы қаласы Медеу аудандық филиалының ұйым­дастыруымен №5 оқушылар үйінде балалар арасында «Алтын алақан» атты қолөнер көрмесі өтті.

Шара барысында оқушылар өздерінің шығармашылық қасиеттерін танытты. Балалар сурет, кестелеу, тоқыма, тігін және т.б өз қолдарымен жасаған жұмыстарын ұсынды. Қазылар алқасының мүшелері ең үздік деп танылған оқушыларға партия тарапынан алғысхаттармен марапаттап, естелік кітаптар берді.
– Ұйымдастырылған шарада балалар қолөнерге деген қабілеттерін жан-жақты көрсетті. Осындай көрмелер еліміздегі шығармашыл балалардың деңгейін арттырады, – деп атап өтті партияның Медеу аудандық филиалы төрағасының орынбасары Меруерт Мұқанова.
Зерттеулер көрсеткендей, балалардың көркем тәрбиесі екінші дәрежелі болмауы мүмкін емес. Бейнелеу өнері, қағаз плас­тикасы, көркем құрастыру – балалар қызметінің ең эмоциялық салалары. Әртүр­лі материалдармен, түрлі көркем техни­калармен жұмыс жасау баланың мүмкін­дігін кеңейтеді, қиял кеңістігін, шығар­машылық қабілетін дамытады.

Абай ҚАЗБЕКҰЛЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*