АЛДЫМЫЗДА – АЛТЫ МІНДЕТ

188
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайын халыққа арналатын Жолдауы – еліміз үшін ең маңызды оқиға. Әр Жолдауда маңызды деген бағыттарға үлкен мән беріледі. Президент дәстүрлі түрде қоғамның дамуына арналған негізгі векторларды белгілейді.

Биыл Мемлекет басшысы «Қазақстан­дықтардың әл-ауқаты: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында көрсетілген 6 негізгі міндетті жүзеге асыру үшін үлкен ізденіс пен күш-жігер қажет. Президент бұл жолы басты басымдықты халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арнады. Халықтың табыс көзінің өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге лайық ортаны қалыптастыру секілді басым­дықтарға мән берді. Осылайша Елбасы Жолдауда Үкіметке, атқарушы билік органдары мен Президент әкімшілігіне нақты тапсырмаларды жүктеді.
Әр адам өз еңбегіне қарай тиісті жалақы алуға құқылы. Әсіресе, біздің елде төмен жалақы алатын білім, медицина және т.б. сала өкілдері. Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына қосылуды көздейді. Бұл мақсатта біз білімді де дені сау ұрпақ тәрбиелеп, өсіруіміз керек. Сол себепті елімізде білім мен медицина дамуы үшін, осы салада қызмет ат­қаратын азаматтар лайықты жалақы алу­лары қажет. Енді келер жылдың 1 қаң­та­рынан бастап Елбасы айтқандай, жал­пыға ортақ еңбек қоғамын құру арқылы ең төменгі жалақы алатын тұлғалардың еңбекақысы 28 мыңнан 42 мыңға дейін артады. Бұл – қуанышты жаңалық. Аталған тапсырманы Үкімет жаңа жылдан кейін бірден іске асырады деген ойдамыз.

Оразгүл АЙДАШҚЫЗЫ,
Балаларды оңалту ұлттық орталығының жетекші маманы

Бөлісу:

Пікір жазу


*