ОМБУДСМЕНДЕР АҚЫЛДАСТЫ

114
0
Бөлісу:

Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Мәскеуде өткен «Еуразиялық кеңістіктегі адам құқықтарын қорғау мәселелері: омбудсмендердің үздік тәжірибелерімен алмасу» атты халықаралық конференцияға қатысты.

ТМД елдерінің, бірқатар еуропалық және азиялық мемлекеттердің омбудс­мендері, БҰҰ мен Еуропа кеңесі және басқа да жетекші халықаралық ұйым­дар­дың өкілдері, сондай-ақ Ресей Пре­зи­денті әкімшілігі мен Парламенті­нің депутаттары қатысқан форум еура­зиялық аймақ елдерінің ұлттық құқық қорғау мекемелерінің әлеуетін нығайту мәселелерін және ынтымақтастық бағыттарын қарастырды.
Күн тәртібіне сәйкес жүрген пікір алмасу барысында бақылаусыз көші-қон, адам трафигі, экстремизм мен кемсітушілік сияқты заманауи қауіп-қатерлерге қарсы тұрудағы құқық қор­ғаудың көкейкесті мәселелері көтерілді.
Өз сөзінде Қазақстан омбудсмені жүйелі саяси және экономикалық жаңғырулардың, қоғамдық сананы жаңғыртудың осы аталған мәселелерді шешудегі маңызды рөлін атап өтті.
Осыған байланысты конференцияға қатысушылар Қазақстандағы консти­туциялық реформаның мәні, сондай-ақ Елбасы Н.Назарбаевтың баста­ма­сымен жүзеге асырылып жатқан елі­міздің ірі ауқымды даму бағдарламалары туралы хабардар етілді.
Форум қатысушылары этносаралық және конфессияаралық келісімді, гендерлік теңдікті сақтаудағы, сонымен қатар адам құқықтарын қамтамасыз ету ісінде мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғамның өзара әрекеттесуі саласындағы қазақстандық тәжірибеге айтарлықтай қызығушылық танытты.

Ерік ЕРДЕНОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*