ЦИФРЛАНДЫРУ ЖЕМІС БЕРДІ

107
0
Бөлісу:

Түркістан облысы білім саласындағы цифрландыру жүйесін республикада алғашқылардың бірі болып қолға алды. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен жүзеге асқан бұл жүйе білім саласындағы ашықтық пен қолжетімділікке бағытталған. Бұл туралы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда об­лыстағы барлығы 1371 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 140 034 бала қамтылған.
«Бүгінгі таңда «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жолдама беру және кезекке қоюды автоматтандыру» жобасына барлығы – 481 мекеме, яғни 35 пайызы қамтылған. Balabaqsha.sitcen.kz порталына қосу арқылы 2018 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізуді жоспарлап отырған жайымыз бар. Жұмыс жос­парлы, жүйелі түрде жүзеге аспақ» деді өз сөзінде Ардақ Мәдіханқызы..
Оның атап өткеніндей, мектепке оқушыларды электронды қабылдау жүйесі бойынша биылғы жылдың шілде айынан бастап облыстағы 902 мектептің барлығы mektep.sitcen.kz порталы арқылы білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау сынды қызметтер автоматтандырылған.
– Айналып келгенде мұның бәрі де – заман талабы. Жаңа техноло­гия­лар­дың үрдісіне үлесіп отырған ел көштен қалмайды. Әсіресе, болашақ ұрпақ білім жүйесінің ең заманауи әдістерін меңгере білгені жөн. Аталған жүйе Түр­кістан облысының барлық аудан­да­рындағы мектептерінде қосылып, бүгінгі күні жүйе арқылы 54 751 оқушы электронды түрде 1-сыныпқа қабыл­дан­ды» деді бұл ретте Ардақ Мәдіханқызы.
Айта кетерлігі, жүйенің тиімділігі ата-ана мектепке бармай-ақ үйінде оты­рып қалаған мектебіне 1-сыныпқа қа­былдауға өтініш беріп, өтінімнің қа­был­данғаны туралы хабарлама ала ала­­ды. Ата-аналар өз кезегінде аталған жү­йенің тиімді екенін айтып отыр. Cон­дай-ақ облыстың барлық мектеп­те­ріне ju­mys.sitcen.kz порталы арқылы қа­тар­да­ғы қызметкерлер мен мұғалім­дер­ді жұ­мысқа қабылдау жүйесі енгізіліп отыр.
Бүгінгі таңда 800-ден аса адам осы­нау жүйе арқылы жұмысқа орналасқан екен. Солардың бірі – күні кеше оқуын аяқтаған жас маман Жалғас Батырхан.
– «Цифрлы Қазақстан» бағдар­ла­масы бойынша ақпараттың ашықтығы мен жариялылығы негізінде құрылған бұл жоба ұтқыр жоба деп есептеймін. Ең бастысы жемқорлықтың алдын ала­ды. Жемқорлық азайған жерде әді­лет­­ті­лік орнайды, – дейді Жалған Батырхан.
Еңбек нарығы сарапшыларының пікірінше аталған жүйе жастардың бос жұмыс орнын оңай табуына үлкен мүмкіндік береді әрі сапалы кадрларды бірден табуға ықпал етеді.

Анар ҚОНЫС

Бөлісу:

Пікір жазу


*