Зейнетке қанша жаста шығамын?

1426
0
Бөлісу:

2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасының зейнет­ақымен қамсыз­дандыру туралы 2013 жылғы 14 маусымдағы заңына сәйкес, 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап 2018 жылдан 2027 жылға дейінгі кезеңде әйелдердің зейнет­керлік жасын кезең-кезеңімен ұлғайтатын заң күшіне енді.

Жаңа заң бойынша әйелдердің зейнетке шығу жасы жыл сайын жарты жылға ұзартылады. Он жылда жыл сайын 6 айдан қосыла отырып, әйелдер 2027 жылдан бастап зейнетке 63 жаста шығатын болады. Мәселен, 1960 жылғы 15 қаңтарда туған әйел адам 58 жас 6 айға жеткенде 2018 жылдың 15 шілдесінде,  2018 жылы 58 жасқа толған әйел зейнетке 58,5 жасқа толғанда шығады. Егер әйел 1960 жылы 15 шіл­деде дүниеге  келген  болса, оның зей­неткерлік  жасы (алты айды қосқанда 2019 жылы 15 қаңтарда шығады) – 59 жас болады.

 Құжаттарды ХҚКО (ЦОН) қабылдай ма?

  • Зейнеткерлікке шығуға қажетті құжаттарды ХҚКО қабыл­дайды.
  • Егер құжаттарда бір әріптен қате кетсе, барлық құжаттарды қайта қаралады.

Зейнетке шығу үшін қандай құжаттар дұрыс болуы керек:

  1. Төлқұ­жат
  2. Диплом
  3. Неке куәлік
  4. Еңбек кітапшасы

Артық болмас білгенің…

Балаларыңыздың туу  туралы куәлігіндегі аты-жөніңіздің  дұрыс толтырылуын тексеріп, бірізге түсіріп қойған дұрыс.

Зейнетақы еңбек өтілі бойынша есептеледі. Ол үшін 1998 жылдан бас­тап зейнетақы жинақтаушы қорын­дағы жарна мен еңбек өтілі есепке алынады.

2018 жылдан бастап жиналған жарна бөлініп төленеді.

Әйелдердің зейнетке шығу жасы:

 2018  жылдың  1  қаңтарынан – 58,5 жас;

2019  жылдың  1  қаңтарынан – 59 жас;

2020  жылдың  1  қаңтарынан – 59,5 жас;

2021  жылдың  1  қаңтарынан – 60 жас;

2022  жылдың  1  қаңтарынан – 60,5 жас;

2023  жылдың  1  қаңтарынан – 61 жас;

2024  жылдың  1  қаңтарынан – 61,5 жас;

2025  жылдың  1  қаңтарынан – 62  жас;

2026  жылдың  1  қаңтарынан – 62,5 жас;

2027  жылдың  1  қаңтарынан – 63 жаста.

Біле жүріңіз…

Ер адамдар 63 жаста зейнетке шығады. Көпбалалы аналар бұрынғысынша 53 жасында, 1949-1963 жылдары Семей полигонында кемінде 5 жыл тұрған әйелдер 45 жаста, ер адамдар 50 жасында зейнеткерлікке шығады. Олардың зейнеткерлік жасы көтерілмейді.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу:

Пікір жазу


*