СПОРТШЫЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

289
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы басшылығы қалалық жоғары спорт мектебінде болып, ІІІ Паралимпиалық Азия ойындарының қатысушыларымен кездесті.
2018 жылдың 6-13 қазан ара­­­лы­­ғында Индонезияның астана­сы Джакарта қаласында өткен ІІІ Паралимпиалық Азия ойын­дарында 43 мемлекеттен 3000-нан астам мүмкіндігі шектеу­лі спортшылар қатысқан. Шым­кент қаласынан 6 спортшы қаты­сып, 2 спортшымыз жүлделі орындарға ие болды. Мансұрбек Ибрашев суға жүзуден 100 м арқа­мен жүзу­ден – 2-орын, 100 метр еркін жүзу­ден 3-орын иеленген. Ал Алина Дубинина 100 м еркін суға жүзуден 3-орын алған.
Партиялықтар Паралим­пиа­дашылармен еркін әңгіме жүргізіп, спортшылардың жетіс­тіктері ғана емес, олар­дың күн­делікті проблемалары да тал­қы­ланды. «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы тө­ра­ғасының бірінші орынбаса­ры Бахадыр Нарымбетов жерлестерін жеңісі­мен құттықтап, қала жұрт­шы­лығының атынан алғыс айтты.
– Мықты ұлт дегеніміз –мем­­лекеттің дамуы мен өркен­деуі­не үлес қосуға дайын тұратын аза­маттар. Тәрбие мықты болса, барлық жерден мықтылар шы­ғады. Бастысы тәрбие дұрыс, рух жағынан мықты болу ке­рек. Сіздер осындай қайсар, рухани күшті азаматтарсыздар. Сіз­дер басқаларға үлгісіздер, –деген төраға орынбасары спорт­шылардың жеңісіне үлес қосқан, халық арасында саламатты өмір салтын насихаттап, еліміздің пат­риоттарын тәрбиелеп отыр­ған жаттықтырушылар мен жақын­дарына ризашылығын білдірді.
Кездесу соңында Паралим­пиалық Азия ойындарында жүл­де­герлері Мансұрбек Ибрашев және Алина Дубининаға партия атынан алғысхаттар және бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Е.МҰРАТБЕК,
Шымкент қаласы

Бөлісу:

Пікір жазу


*