Өміріміз жақсарады деп сенеміз

439
0
Бөлісу:

– Елбасының биылғы Жолдауы­ның сипаты ерекше. Осы жолы Үкімет пен атқарушы органдарға нақты тапсырмалар беріліп, басымдықтары көрсетіліп, айшықталған. Қазақстан Констуциясының 3-бабында көрсе­тілгендей, мемлекеттік би­ліктің қайнар көзі – халық. Сон­дықтан да мемлекеттің басты мақсаты бұрын­ғыдай қала береді. Ол дегеніміз – мемлекет өз азаматтарын өмірлік игілікпен қамтамасыз етуі қажет. Оған өмір сапасын жақсарту, тұр­мысқа қолайлы орта жасау кіреді. Бүгінгі өзекті мәселенің бірі – осы.
Осы Жолдауда денсаулыққа байланысты медициналық қыз­метті жоғарылатуы, ауылдардағы медициналық-санитарлық көмек сапасының жақсаруына қатысты біраз мәселелер қозғалды. Тіпті соған орай Елбасы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметкерлердің жалақысын 20 пайызға өсіруді тапсырды.
Бүгінгі нарықтық ортада қара­пайым халықтың сөзін сөйлеп, көмегін аямайтынына мемлекет кепіл беруде. Біз осыны толықтай қолдаймыз. Осы мақсаттарды жүзеге асырсақ, өміріміз жақсара түседі деп сенеміз.

Бақытқали ИБРАГИМОВ,
«Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығы
Патологиялық анатомия бөлімінің меңгерушісі

Бөлісу:

Пікір жазу


*