ОЛИМПИАДА ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ӨТЕДІ

699
0
Бөлісу:

10 қараша күні мектеп оқушылары арасында «Балаларға арналған тегін IT сыныптар» партиялық жобасын жүзеге асыру мақсатында мектеп оқушылары арасында республикалық олимпиада өтеді. Біз осы орайда, шараны ұйымдастыруға атсалысып жүрген «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент академиясы директорының орынбасары Сәуле Бақтымбетті әңгімеге тарттық.

– Сәуле Серікқызы, оқушылар арасында өтетін республикалық олим­пиадаға дайындық барысы қалай?
– Дайындығымыз өте жақсы. Оқушылар да республикалық дең­гейде өтетін жарысқа сақадай сай. Бізді алда тартысты білім бәйгесі күті­п тұр. Республикалық олим­пиа­­да арнайы жабдықталған ор­ын­да өткізіледі. Әр оқушы же­ке-дара жұмыс үстелімен, қа­жетті құрал-жабдықтармен қам­та­масыз етілген. Балаларды олим­пиада өткі­­зіле­тін орынға алып келу, әке­ту, қауіпсіз­дік шаралары, барлығы жо­ғары дең­гейде ұйым­дасты­рылмақ.
STEM олимпиадасы – техни­калық білім беру саласындағы инновациялық білім беру олим­пиа­дасы. Білім сайысы бағдар­ла­малау, робототехника және 3D модельдеу бойынша өтетінін де айта кеткен жөн.
Аталған іс-шараны өткізудегі негізгі мақсатымыз – респуб­ли­каның жалпы білім беретін және мамандандырылған мектеп­тері­нің IT сыныптарында оқушылар арасында STEM білім беруді насихаттау. Сонымен қатар 2016-2019 жылдарға арналған Қазақ­стан Республикасында ғылым мен білім беруді дамытудың және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаларын қолдау.
Республикалық олимпиада мектеп оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың білімін одан ары жетілдіруге көп көмегін тигізеді. Талантты оқушыларды іріктеу, оларға кәсіптік бағдар бере отырып, ғылымға деген қызығушылығын арттыру – біздің міндетіміз. Ғылымның тереңіне үңілу қазіргі заманның алғышарты дейтін болсақ, бұл олимпиада цифрлы технология тілін жетік меңгеріп, оқушылардың ғылыми-зерттеулермен айналысуына, шәкірттердің дарынын ұштап, цифрлы технологиялар бағытын­дағы білімін арттыруға жол ашады деп сенеміз.
– Бұл олимпиаданың өзге олим­пиадалардан ерекшелігі қандай?
– Олимпиада бала санасына ғылымның алғашқы ізденістерін қалыптастырып, болашақ ғалым­дарды баулитын, ғылымға еркін бойлайтын даңғыл жол десек те бо­лады. Жарыс онлайн режимде өтеді. Біздің балалар идеяларын прак­тика жүзінде іске асыра алады.
3D үлгілеу бойынша олим­пиада келесі жас ерекшеліктері бойынша өтеді: 2-10 сыныптар кез келген бағдарламалық қамта­масыз етуде жұмыс істейді және инженерлік графика, креативті ди­зайн және нақты дизайн мәсе­лелерін шешудің ерекше сце­нарийі бойынша тапсырмаларды орындайды. Қатысушылар үшін тапсырманың күрделілігі олардың жасын ескере отырып бөлінеді.
Робототехника бойынша олим­­пиада келесі жас ерекше­лік­тері бойынша өтеді: 4-7 сыныптар VRT (Virtual Robotics Toolkit) си­муляторында LEGO роботта­ры­мен жұмыс істейді. Олимпиадаға қатысу үшін симулятормен жұмыс істеуді алдын ала үйрену қажет. 7-10 сыныптар Arduino Uno платаларында TinkerCAD онлайн платформасында жұмыс істейді. Олимпиадаға қатысу үшін, симулятормен жұмыс істеу­ді алдын ала үйрену қажет. Жо­ғары сынып оқушылары жарысты ардуино бойынша немесе лего бойынша таңдай алады.
– «Балаларға арналған тегін IT сыныптар» жобасы қалай құ­рыл­ды? Жоба аясында атқарылып жат­қан өзге де іс-шараларға тоқталып өтсеңіз…
– ХХІ ғасырды цифрлы тех­нологияларсыз елестету мүмкін емес. Олардың қарқынды дамып жатқаны соншалық, өзгерістер де өте серпінді болуда. Бұл цифрлы сауаттылық деңгейін үнемі арт­тыруды талап етеді. Осындай жағдайда ерте балалық шақтан бастап IT дағдылар мен іскерлікті қалыптастыру басым міндеттердің бірі саналады. Ол үшін балалар­дың сабақтан тыс уақытта тегін оқу мүмкіндігі болуы қажет.
Жоба еліміздің барлық айма­ғында тегін IT сыныптар ашуға бағытталған. Цифрлы дағдылар мен STEM ойлаудың дамуына ықпал етеді. Балаларға «уақытпен бірге жүруге» мүмкіндік береді. Сонымен қатар олардың цифрлы ортаны қалыптастыру процесіне қызығушылығы мен ынтасын арттыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні (2018 жылғы 1 қа­рашадағы мәлімет бойынша) елі­міздің 17 өңірінде қосымша білім беру мектептері мен ұйымдары­ның базасында 761 IT сынып ашылды. Оның ішінде 51 пайызы ауылдық жерлерде екенін айта кеткен жөн. Алдағы уақытта 1000 IT сынып ашу жоспарланып отыр. Оның 600-і – ауылдық мектеп, 300-і – қалалық, 100-і – арнайы (түзету) мектептер.
Ал жоба аясында ұйымдас­ты­рылатын тренингтер STEM ака­демиясының, STEP академиясы­ның, Synergy Foundation, Ybayay Foundation, Cisco академиясының қазіргі заманғы бағдарламала­рында оқытылған мұғалімдердің ең жақсы халықаралық тәжірибе­лерін қолданады.
Балаларды IT сыныптарында оқыту цифрлық дағдыларды да­мытуға және STEM ойлауды да­мы­туға ықпал етеді. Жоба аясында IT сыныптарды Аstana Нub IT старт апта­ларының халықаралық тех­но­паркімен және балаларды халықаралық сайыстар мен ­чем­­­пио­наттарға қатыстыру жос­парлануда.
Партиялық жобаның тиімді­­­лік көрсеткіштерінің бірі – IT сы­­нып қатысушыларының жа­рыс­тар мен жарыстарда алған білім­­дері мен дағдыларының же­тіс­тіктерін көрсету. Осыған бай­ла­нысты жобада өңірлік, рес­пуб­ли­ка­лық және халықаралық дең­­г­ей­дегі конкурстар ұйымдас­тыру және өткізу бойынша іс-шара­лар жоспарланған жобаны жүзе­ге асырудың жол картасы жасал­ды. Жоба партияның ай­мақтық фи­лиалдарымен, жергі­лікті атқарушы органдармен, білім беру ұйым­да­рымен және IT компаниялармен бірлесіп жүзеге асырылатын бо­лады. Жергілікті атқарушы орган­дар ІТ компания­лармен бірлесіп, оқыту инфра­құрылымы мен платформасын қамтамасыз етеді.
IT сыныптарда өтетін сабақ­тарды тиісті бағдарламалар бо­йынша оқудан өткен педагогтар жүргізеді. Жоспар бойынша IT сы­ныптар білім беру ұйымда­ры­ның, Оқушылар сарайының, ре­сурстық орталықтар мен кітап­ханалар базасында да ашылады де жоспарлануда.
– Сөз соңында «Балаларға арналған тегін IT сыныптар» пар­тиялық жобасы аясында өтетін республикалық олимпиадаға қа­ты­сушыларға айтар тілегіңіз қандай?
– Болашақ қазақ ғалымдары әртүрлі сайыс жеңімпаздарынан шығатынына сенім мол. Ал олим­пиада жеңімпаздарының ара­сынан шыққан ғалымдар бола­шақта қазақ ғылымына локо­­­­-
мо­тив бола алары сөзсіз. Бастысы, жү­йелі дайындық пен тынымсыз еңбек – пәндік олимпиаданың шы­ңын бағындыруға қажетті ең негізгі критерий екендігін ұмыт­пасақ екен. Ел болашағы – білімді жастарға артылар міндеттің жүгі ауыр екенін білеміз. Жастар да әрқашан сенім үдесінен шығады деп сенеміз. Сөз соңында барша сайысқа қатысатын оқушыларға сәттілік тілеймін.
– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан
Абылайхан ЖҰМАШ

Бөлісу:

Пікір жазу


*