МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУ – МІНДЕТ

552
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалында Елбасының биылғы Жол­дауында айтылған «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасын дайындау бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шарада партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов «Ұстазым – ұлағатым» акциясы­ның бастау алғандығы туралы айтты. Ел­басы биылғы Қазақстан халқына Жол­дауында экономикадағы, әлеуметтік саладағы, өңірлік дамудағы қысқамерзімді және ұзақмерзімді перспективаға арналған іс-қимылдың кешенді бағдарламасын ұсынған болатын.
Жолдаудың әлеуметтік сипаты Елбасы саясатының халықтың әл-ауқатын жақ­сартып, азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталғанын көрсетеді. Соны­мен қатар Елбасы «Педагог мәртебесі» туралы заңды әзірлеп, қабылдау жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Бұл маңызды құжат өз кезегінде мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, білім саласының одан әрі дамуына жол ашатыны даусыз.
«Ұстазым – ұлағатым» акциясы ая­сында 12-25 қараша аралығында арнайы құрылған екі жұмыс тобы жоспарға сәйкес елді­мекендерде ұстаздармен кездесулер, қоғамдық қабылдау өткізіп, ұсыныстар жинақтайды.
Осы уақыт аралығында әлеуметтік желілерде де «Ұстазым – ұлағатым», «Пе­дагог мәртебесі» хэштегтерімен ұсыныстар жинақталады. Әзірленген заң жобасы «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі депутат­тық фракциясына, Білім және ғылым министр­лігіне жолданатын болады.

Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*