АЙНАЛМА ЖОЛҒА МӘН БЕРІЛЕДІ

256
0
Бөлісу:

Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев Сәулет саласына қатысты мамандармен кездесіп, жаңа облыс орталығының бас жоспарында қамтылатын нысандардың орналасу тәртібі, сәулеттік келбетінің ерекшелігімен танысты. Бейресми кездесуде қаладағы жолдарды да реттеуді жоспарға қосу мәселесі талқыланды.

Құрамында Қазақстанның Халық суретшісі Ерболат Төлепбай, Қазақстан Сәулетшілер одағының вице-пре­зи­денті Бақытжан Әшірбаев, облыстық сәу­лет және қала құрылысы басқар­ма­сының басшысы Еркін Жүсіпов және облыстық құрылыс басқармасының бас­шысы Тоқтар Үсібалиев сынды бір­қатар азаматтар бар жұмыс тобы қа­ла­ның бас жоспарына сәйкес бой көте­ре­тін ғимараттар мен нысандардың ор­на­ласу тәртібі, сәулеттік келбетінің ерек­ше­ліктерімен танысты.
Айталық, қаланың үш бағыт бойын­ша салынатын құрылыстары жобасы ту­ралы айтылды. Атап айтқанда,
Қ.Яс­сауи мавзолейі мен «Әзірет Сұлтан» мем­лекеттік қорық музейі маңында са­лынатын құрылыс нысандары, сонымен бірге, әкімшілік-іскерлік орталығын салу бағыттары бойынша дамитын об­лыс орталығындағы жобалардың нақты ор­наласу орындарын талқылаған ма­ман­дар кездесуде аталған жұмыстарға қосымша Түркістан қаласындағы жол­дарды да реттеуді жоспарға қосты. Осы орайда, белгілі сәулетшілер қалада ай­нал­ма жолдар салып, қаланың инф­ра­құрылымын дамытуды және сәулетін одан ары көркейтуді көздеп отыр.
Жалпы, атқарылып жатқан жұмыс­тардың барысына көңілі толған өңір басшысы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Е.Жүсіповке сәулеттік жұмыстарды ха­лықаралық деңгейдегідей сапалы етіп дайындап, мерзімінде тапсыруды жүк­теді. Халықаралық конкурста жа­рия­ланған ғимараттардың орналасу жо­ба­сын қарап, пікірімен бөлісті.
Айта кету керек, бүгінгі таңда Түр­кістан­да ұзындығы 764 шақырым 875 көше, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дә­лізі аясында салынып, қалаға тиесілі бол­ған 12 шақырымдық бір ғана айнал­ма жол бар.

Тельман БЕЙСЕН, Түркістан облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*